• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қаңтар, 2018

Төріме шық, Жаңа жыл – жаңа жырым

444 рет
көрсетілді

Керуенін тартқанда  Мәңгілікке ел, Үлпілдейді үкідей таңғы үміттер. Қасиетті қазақтың байтағына Жасарып кел, Жаңа жыл, Жаңғырып кел!

Қыранымды самғатып қияныңа, Қанат байлап ұшайын қиялыма. Қазақстан! Қастерлі хас тұлпарым – Болат таға байлайын тұяғыңа. Өрден асып зуласа өмір – күлік, Алтын жалын сылайын төгілдіріп, Атырау мен Алтайдың аралығын Әппақ нұрға алайын шомылдырып.

Әлдилесе ұл-қызын дала – бесік, Құс – көңілім, дариға-ай, Қалады өсіп. Алты қанат ақ орда іргесінен Іңір туа тұрғандай самал есіп.

Бақытымның байланған бағы нұрдай, Тағдырымның таланы, тамырындай. Күндер қашып барады көз ұшында – Сайдан ұшқан  Сарыарқа сағымындай. Тәуелсізбін! – тәубе – деп зерделедік, Беретіндей тұлғам бар төрге көрік. Қазақстан! Қарышта, Қиялай шап – Аламанға ат қосқан елден едік.

Көңілі күн, жұртымның жаз әлемі, Ай бетіне айшықтап жазар еді... Төріме шық, Жаңа жыл – Жаңа жырым  Бақытым да, барым да  ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Халықаралық «Алаш» әдеби  сыйлығының лауреаты

АЛМАТЫ