Біріккен Ұлттар Ұйымының есептеуінше, Жер шарының 7 миллиардыншы тұрғыны дүниеге келеді деген ақпарат қостанайлықтарды да елең еткізген еді. 31 қазан күні түнде сағат 00.20-да Қостанай ауданындағы мұғалімдер Еркебек пен Бейбіт Голдаридің отбасында екі бірдей ұл дүниеге келді. Біреуінің салмағы 2,570, екіншісінікі 1,917 кило болды.
Сол тәулікте Қостанай облысы бойынша 33 нәресте өмірге келді. 7 миллиард адамның Жер бетіне көптігі айтылып жатыр. Ал Қазақстанның өз межесі бар. Президентіміз айтқандай, қазақстандықтардың қатары 2020 жылға дейін 16 миллионнан 18 миллионға жетуі тиіс. Өткен жылы облыста 12 943 бала туған. Облыстың бас акушер-гинекологы Иван Янценнің айтуынша, биыл да деңгей мұнан төмен болмайтын көрінеді. «Бұл аз емес, бірақ 18 миллионға жетуді ойласақ көп те көрсеткіш емес. Келіндер осы жағын ойлауы керек», дейді Иван Абрамович.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
Қостанай.