• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қаңтар, 2018

Павлодарда коттедждер кенті салынады

239 рет
көрсетілді

Өңірдегі Ақсу қаласында алдағы аптада осы мәселеге орай банктер мен құрылыс компаниялары өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өтеді.

Қаланың екі  шағын ауданында 400 жеке тұрғын үй құрылысы жобалануда. Құрылыс аумағы шамамен 40-50 мың шаршы метр жерді алады. Пилоттық жоба аясында салынатын  коттедждер кенті бірыңғай бірдей сәулет үлгісінде бой көтермекші.

Қала әкімдігінің хабарынша, алдағы сәуірден бастап жеке үй салғысы келетін тұрғындарға 120, 160 және 200 шаршы метрден учаскелер берілмек. Банктердің өкілдері ұсыныстарын айтып, пайыздық мөлшерлемелері таныстырылмақ. Құрылыс жұмыстарына жергілікті және астаналық екі-үш компания қатысуы мүмкін. Қалада қазір 3500-ға жуық адам  үй кезегінде тұр. Ал жаңадан салынатын коттеджді ауданда бір мектеп, екі балабақша құрылысы да жоспарланып отыр.   

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»