• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қаңтар, 2018

Аязға байланысты үш өңірде жол жабылды

192 рет
көрсетілді

Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты еліміздің 3 облысындағы автожолдарға шектеу қойылды. Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарлайды.

Павлодар облысында ауа райының күрт қиындауына байланысты (қатты аяз) дизельмен жүретін қоғамдық көліктер үшін барлық бағыттар жабық;

Ақмол облысында ауа райының күрт қиындауына байланысты (қатты аяз) дизельмен жүретін қоғамдық көліктер үшін Астана қаласы мен Павлодар облысы аумағы арасындағы жол бағыттары (16-205 км) жабық;

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт қиындауына байланысты (қатты аяз) сағат 16.00-ден бастап  дизельмен жүретін қоғамдық көліктер үшін Семей қаласы мен Павлодар облысы аумағы арасындағы жол бағыттары (577-733км) жабық.