• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2018

Сары ауруға салғырт қарауға болмайды

382 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қыз­­ме­тін­де Денсаулық сақтау ми­ни­стрлігінің Қоғамдық ден­сау­лық сақ­тау комитетінің төра­ға­сы Жан­дарбек Бекшиннің қа­ты­су­ы­мен баспасөз мәслихаты болды.

 

«Біз Шығыс Қазақстан облысының, Үржар ауданындағы аруханада болып, Шолпан ауылындағы жағдаймен таныстық. Оқиғаға қатысты толық тексеру жүргізіп, барлық құ­жат­тарды қарадық. Осы орайда 19 оқи­ғаны жасыру жағдайы анықталды, яғ­ни дерттің жеңіл формалары белгілі бол­ды.

Санитарлық ережелер бойынша науқасты амбулаторлық жағдайда, яғ­ни үйде емдеуге жол беріледі. Бірақ мін­дет­ті түрде Қоғамдық денсаулық сақтау ко­митетінің аумақтық органдарына хабар берілуі тиіс. Сол кезде тиісті шаралар қолданылады. Бұл ретте қыркүйек айында бірінші оқиға тіркелген кезде дәрігерлік амбулаторияда дәрігер болмаған. Көмек көрсету тек орта меди­ци­налық қызметкерлер тарапынан ғана жа­сал­ған. Қазан айының басында бұл нысанға дәрігер келген. Ол – жас маман, яғни 2017 жылдың түлегі», деді Ж.Бекшин.

Сонымен қатар ол тексеру барысында науқастар дәрі-дәрмекті өздері сатып алғаны белгілі болғанын жеткізді.

«12 оқиға бойынша науқастар ауруханаға көлікпен өздерінің есебінен жеткізілген. Әрқайсысы тасымалдау ша­раларына 5 мың теңге төлеген. Бұл өз кезегінде талаптарды өрескел бұзу фак­­ті­леріне кіреді. Анықталған осы кем­ші­­ліктердің барлығы облыс әкімдігіне ха­­барланып, кінәлілер әкімшілік ықпал ету тұрғысында жазаға тартылады», деді Жан­­дарбек Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төр­ағасының сөзінше, Шығыс Қазақстан об­лысы мен Қарағанды қаласында орын алған оқиғалардың бір-бірімен еш­қан­дай байланысы жоқ. Сондай-ақ ол Қазақстанда бұл аурудың бұрынғыға қара­ған­да анағұрлым азайғанын алға тарт­ты. 

«Мен 1999 жылы елімізде 34 мыңнан астам сары ауру оқиғасы тіркелгенін білемін. 2000 жылы 23,5 мың, өткен жылы 783 жағдай тіркелді. Балаларға 2 жасынан бастап жасаған екпенің арқасында 17 жыл бойы ге­патиттің жиілігі 39 есеге төмендеді», деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, өткен жылы ШҚО-да сары аурудың 75 оқиғасы тіркелген. 

«Осы көрсеткіштен төмендеу айқын аңғарылады. Әсіресе 2009-2010 жылдары төмендей бастады, себебі екпе нəтиже бере бастады. Және В гепатитінің вакцинациядан кейінгі жиілігі 69 есеге азайды», деп атап өтті ол.

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»