• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2011

Өркенді өзгерістер жолбасшысы

362 рет
көрсетілді

Кеше «Қазақстан» орталық концерт залында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған Астана қа­ла­сы­ның әкімі, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының жетекшісі Иманғали Тасмағамбетов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. И.Тасмағамбетов кіріспе сө­зін­де алдағы сайлаудың саяси ма­ңыздылығын атап көрсетсе, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша филиал төрағасының бірінші орын­ба­са­ры Әмірхан Рахымжанов «Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар­тиясы Қазақстан. 2017. Мақ­сат­та­ры. Ұлттық іс-қимыл жоспа­ры» та­қырыбында баяндама жа­сады. Шешен өз сөзінде жаңа пар­ла­мент­тік мерзімге арналған саяси тұ­ғырнама жобасы Президент Н. Назарбаев белгілеп берген «2020 Стратегиясын» іске асы­рудың қа­рыш­ты қадамы, заңды жалғасы бо­лып табылатынын атап көр­сет­ті. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде Қазақстан өзіндік даму жолына түсіп, эконо­ми­ка­лық қуатты елге айналды. Жа­сам­паздық пен қа­рыш­ты өрлеуі­міз­дің бірден-бір кепілі болып та­былатын Елбасы­мыз­дың басшы­лы­ғындағы «Нұр Отан» ХДП ұзақ мерзімді жыл­дар­ды қам­ти­тын бағдарламасын сәттілікпен жүзеге асырып келеді. Осы мерзім ішінде жетекші саяси күшке айналып, бүкілхалықтық қол­дау­ға ие болды. Салмақты да сын­дарлы шешімдері қоғамның ілгері дамуына барынша ықпал жасап, реформалардың дәйектілік­пен жүзеге асуына зор үлес қо­сып келеді, деді. Одан әрі кез кел­ген сайлаудың түпқазығы, же­ңіске жетудің басты кепілі сай­лауалды бағдарлама болатынын сөз ете келіп, «Нұр Отанның» 2012 жылғы 15 қаңтарда болатын Парламент сайлауына арналған бағдарлама жобасының өзекті тұс­тарына тоқталды. Астана­лық­тар қашанда Президенттің сенімді тірегі болып қала бермек, деп түйіндеді өз сөзін Ә.Рахымжанов. Жарыссөзге бірінші болып көтерілген «Астана локомотив депосы» АҚ-тың машинист-нұс­қау­шысы Владимир Ульянен­ко­ның сөзін залдағылар зейін қоя тыңдады. Тәжірибелі жұмысшы өз ойын қарапайым тілмен жеткізіп, жиналғандар назарын ин­но­вация­лық-индустриялық жоба­лар­­дың орындалу жайына аудар­ды. Локомотив өмірінен мысал­дар келтіріп, тағы бір озық бағ­дарламаның қол­ға алынғанын жеткізді. «Көз – қор­қақ, қол – ба­тыр» деген сөз бар. Күш біріктірсек, алмайтын асуы­мыз бол­май­ды. Көш басынан әркез нұротан­дық­тарды көріп келеміз. Олар мұндай құрметке лай­ық, деді ол. № 54 мектеп-гимна­зиясы орыс тілі пәнінің мұғалімі Альбина Кө­пеева саяси ұйымдағы жастар рөліне тоқталса, «Ұлттық медицина холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тамара Вощенко медицина жайын сөз етті. Еуразия ұлттық универ­сите­тінің ректоры Ерлан Сыдықов партияның алдағы жылдарды қам­титын тұғырнамасында ішкі-сырт­қы ұстанымдардың нақты көр­се­тіл­генін айта келіп, ертеңгі күні еліміздің қандай жолмен дамиты­ны біздің әрқайсымызға тікелей байланысты деген ой тастады. Екінші мәселеде «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІV сьезіне делегаттар сайланды. Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын И.Тасмағамбетов қо­ры­тындылады. Ол аса маңызды саяси науқан бір реттік шара емес­тігін, алдағы жүйелі іс-қимыл­дарды түзіп беретінін, сол себепті әр нұротандықтан асқан жауапкершілікті, жинақылықты, саяси кө­ре­генділікті қажет ететінін атап көрсетті. Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл өткен сайын жоғары қарқын­мен дамып келеді. Биыл ішкі жалпы өнім 360 миллиард теңгені құрап отыр. Өнеркәсіп өнімдерін шы­ғару 150 миллиард теңгеге жетті. 400 миллиард теңгенің инвес­тициялары тар­тыл­д­ы. Орташа айлық жалақы 122 мың теңгеден айналды. Әлеу­меттік бағдарла­малар пар­тияның айрықша қада­ғалауына алынған. Саяси кеңес отырысына «Нұр Отан ХДП Саяси кеңесі бюро­сы­ның мүшесі, Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов қатысты. Өмір ЕСҚАЛИ.