Статистика агенттінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты, деп хабарлайды ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
«Иә, ол Алматы облысындағы Іле ауданы Жауғашты ауылына жақын ЛА 155/13 түзеу мекемесінде отырды. Бүгін оны босатты», - деді комитеттің баспасөз хатшысы Ғалымжан Хасенов.