ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІКТІҢ ӨРКЕНДІ ӨРІСІ
Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі өңірдің және ел экономикасының дамуына зор үлес қосып келе жатқан ірі өндіріс кешені болып табылады. Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын барлық бағыттар бойынша айтулы табыстармен қарсы алуға дайындалу үстінде. Бүгінде біздің республикамыз халықаралық қауымдастықтың белді де тең құқықты мүшесі, жаһандық бәсекелестікке қабілетті мемлекет. Саяси және экономикалық тұрақтылық, тиімді мемлекеттік басқару, ұлтаралық келісім елімізді мекендеп жатқан барлық ұлт пен ұлыстың тарихы мен салт-дәстүрін құрметтеу, инновацияға ұмтылу, тұрғындардың игілігін қамтамасыз ету, ертеңге деген сенімді нығайту арқылы қазақстандықтардың келесі ұрпағына мықты мүмкіндіктер тудыруда. Жеткен жетістіктерге тоқмейілсімей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін әлемнің инновациялық экономикасының қатарына ену туралы алдымызға жаңа мақсат қойып отырғаны да белгілі. Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ) ENRC тобының құрамында жылдан жылға өндіріс қарқынын арттырып, жаңа заманауи технологиялар мен жабдықтарды батыл енгізу арқылы әлемдік темір кені рыногындағы өз тұғырын бекіте түсті. Бүгінгі таңда ССКӨБ әлемнің алдыңғы қатарлы кен өндіруші кәсіпорындарының бірінен саналады. Кәсіпорында жалпы құны 2,5 млрд. АҚШ долларынан астам индустриялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Айтулы жобалардың бірі ретінде кен базасын кеңейтуді атауға болады. Бұл жоба біздің кәсіпорынның стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда Оңтүстік-Сарыбай кенішінің құрылысы, Қоржынкөл кенішін қайта құру, Сарыбай мен Соколов жерасты кенішінің өнімділігін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа кен орындарындағы өндіріс пен өнімділіктің ұлғаюын ескере отырып, бірнеше жылдан соң, біз бүгінгі көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсеміз. Бірлестіктегі жұмыс кеншілердің келешек талай буын ұрпақтарына да жетеді. Екінші маңызды жоба ретінде қуаттылығы жылына 7 млн. тонна жоғары сапалы концентратты байыту кешенінің құрылысын атап өтуге болады. 2014 жылы іске қосылуға тиіс бұл жоба құрамындағы темірдің үлесі 68,5 пайыздан кем емес концентрат алуға мүмкіндік бермек. Концентраттың бір бөлігі металл өнімдерін шығаруда қолданылатын болады. Осы мақсатта ССКӨБ-те қуаттылығы жылына 1,8 млн. тонна ыстықтай жентектелген темір өндіру зауытының құрылысы жүргізілуде. Бұл өнімнің көптеген тиімді қасиеттері бар. Соның бірі – жеткізудің логистикалық сызбасы. Осының есебінен біз өз өнімімізді өткізу рыногы мен жеткізу шекарасын анағұрлым кеңейтіп, алыс-жақын шетелдерге жөнелте аламыз. Бұл кешен арқасында ССКӨБ жаңа даму сатысына көтерілетін болады. Бүгінгі таңда бірлестік шығаратын өнімдерде темірдің үлесі 63 пайыз болса, болашақта бұл көрсеткіш 93-94 пайызға жетеді. Ең бастысы, бірлестік жетекшісі ретінде айтарым, жаңа жұмыс орындары ашылады. Келешекте бұл өндірісте екі мыңнан астам адам еңбек ететін болады. Тағы бір атап айтатын мәселе, бұл Қазақстанда теңдесі жоқ жоғары технологиялық кәсіпорын болады, мұнда кәсіби білікті мамандар ғана жұмыс атқармақ. Біздің облыс үшін бұл жобаның жүзеге асуы экономиканың едәуір өсуі мен аймақтың одан әрі дамуына алып келеді. Жоғары сапалы өндірістің кеңеюіне күйдіру машинасының құрылысы да мүмкіндік туғызады. Бұл жоба жүзеге асырылғанда «ССКӨБ» АҚ барлық тауарлы өнімінің көлемін едәуір ұлғайтып, жоғары сапалы өнімдер шығаруды қамтамасыз етеді. Жаңа өндіріс кешендерін салу және қазіргі өндірісті қайта құру шаралары бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде техникалық қайта жарақтандыру өте жоғары қарқынмен жүргізілуде. Статистикалық деректерге жүгінер болсам, 1994 жылы ССКӨБ-тің өндіріс көлемі жылына 4 млн. тонна шамасында болса, ал биылғы жылдың алғашқы жартысында ғана бұл көрсеткіш 21 млн. тоннадан асып түсті. Осыдан бір жыл бұрын ССКӨБ базасында металл илектеу зауыты пайдалануға берілді. Кәсіпорын жаңа биіктерді бағындырып, тау-кен өндіруші дәрежесінен металлургиялық жаңа сатыға көтерілді. Өнімділігі жылына 75 мың тонна болатын зауыт ENRC кәсіпорындары мен бірлестікті металилектің қажетті түрлерімен толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл оқиға тек біздің қала үшін ғана емес, Қостанай аймағы үшін де өте маңызды орын алады. Қазір Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі ENRC компаниясының күрделі шығындар бағдарламасына енгізілген басқа да сүбелі жобаларды жүзеге асыруды жүргізіп жатыр. Олардың мақсаты – жаңа өнімнің шығуын қамтамасыз ету және өткізу рыногын кеңейту болып табылады. Біздің кәсіпорын Қостанай өңірі экономикасының мықты іргетасы болуымен бірге, тәуелсіз еліміздің дамуына сүбелі үлес қоса беретін болады. Біздің «Нұр Отан» партиясының ең ірі ұйымдарының бірі ретіндегі басты мақсатымыз – кәсіпорындағы еңбек адамдарының бойында қуаныш, өз болашағына деген сенім мен тұрақтылық және өркендеу сезімін қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеп берген қазақстандық даму жолының базалық құндылықтары да осыған бағытталған. Мұхамеджан ТУРДАХУНОВ, «ССКӨБ» АҚ президенті.* * *
МАҢЫЗДЫ ҚҰРЫЛЫМДАР
Сарыбай кен басқармасы. Құрамына Соколов- Сарыбай және Оңтүстік Сарыбай карьерлері кіреді. Ашық жұмыстар қазіргі заманға сай қуатты экскаваторлармен және бұрғылау қондырғыларымен жүргізіледі. Қашар кен басқармасы. Өндіру жұмыстары ТМД елдеріндегі жалғыз «HITACHI» маркалы экскаваторлармен және «Caterpillar» фирмасының тиегішімен жүргізіледі. Қоржынкөл кен басқармасы. Карьерде ірі-кесекті магнитті кен аршу телімі жұмыс істейді. ТМД елдерінде мұндай кұрылғы тек төртеу ғана. «Соколов» шахтасы. Кенді ең төменгі деңгей жиектерден, минус 330 метрді қоса алғанда, өндіреді. Кен дайындау және кесектеу басқармасы. Бірлестіктің барлық карьерлерінен келетін шикі кенді қайта өңдеп, тауарлық темір кенін, концентрат пен шекемтастар шығарады. Кен темір жол көлігі басқармасы. Кен массасын тасымалдау электрленген темір жол көліктерімен жүргізіледі. Автомобиль көлігі басқармасы. Жылу электр орталығы. ЖЭО қуаты 267 МВт. құрайды, бұл комбинатты электр энергиясымен 80-90 пайызға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жөндеу-механикалық зауыты. 2010 жылдың маусым айында мұнда металл илектеу кешені іске қосылды. Ол ССКӨБ ұсатқыш денелер және құрылыс арматураларына деген мұқтаждығын толығымен қамтамасыз етеді.
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҰЖЫМ МҮДДЕСІ ҮШІН
Қазақстанның кен өнеркәсібінің флагманы – Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің тарихымен біте қайнасып, қоян-қолтық жұмыс жасап келе жатқан кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жарқын істері көпке үлгі. Комбинат құрылысы алғаш басталған кезде дүниеге келген кәсіподақ ұйымы онымен бірге талай-талай асулардан өтіп, буыны бекіп, қатайып, үздіксіз дамып өсіп-өніп келеді. Осы уақыт аралығында біз өзімізді еңбек адамының мүддесін лайықты қорғай алатын білікті ұйым, іске қабілетті құрылым ретінде таныта білдік. «ССКӨБ» АҚ басшылығы мен кәсіподақ ұйымы бірлесе отырып, жұмысшыларға тиісті еңбек жағдайын жасауды, лайықты өмір деңгейі бойынша әлеуметтік-еңбек құқын қамтамасыз етуді, демалысын ұйымдастыруды, емдеу-сауықтыру шараларын өткізуді, спортпен айналысуын, ардагерлердің, отбасылардың, жас отбасылар мәселелерін ойдағыдай шешуді жүйелі қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорында ұжымдық келісім-шарт жұмыс істейді. Біздің ұжымдық келісім-шарт еліміздегі ең үздіктердің бірі деп саналады. Келісім-шарт ұжым қызметінің барлық салаларын қамтиды. Жыл санап әлеуметтік пакет өсіп келеді. Қызметкерлерге білімдерін шыңдауға, емдеу-сауықтыру орталығында демалу, тегін дәрігерлік қызмет, бір жасқа дейінгі балаға жәрдемақы алуға және тағы да басқа әлеуметтік қолдаулар көрсетіледі. Біз кәсіподақтың қорғау функциясын кәсіпорынның өркендеуімен тығыз байланыстыра отырып, кеншілердің әл-ауқатын көтеруге тырысамыз. Өйткені, бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Қызметкерлер үшін «Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығы, кадрларды оқытып, дайындау орталығы, «Горняк» мәдени ойын-сауық орталығы, «Горняк» жастардың спорттық кешені, стадион қызмет жасайды. Кәсіпорынның ардагерлері мен зейнеткерлері де біздің назардан тыс қалып көрген жоқ. Оларға арналып еңбек ұжымдарында кездесулер, жаңа өндіріс орындарына саяхат ұйымдастырылады, материалдық көмек көрсетіледі. Ұжым сенімі – бұл ертеңгі күнге деген ерекше сенімділік, тұрақты жұмыс, алға басу, экономикалық және өндірістік мәселелерді түсіне білу, алдына қойған мақсаттарды орындау. Татьяна ШЕРСТОБИТОВА, «ССКӨБ» АҚ кәсіподақ ұйымының төрайымы.ЖАРТЫ ЖЫЛДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕР
Темір кенін өндіру – 21,332 млн. тонна. Темір кенінің алғашқы концентратын өндіру – 8,783 млн. тонна. Темір кенінің тауарлық концентратын өндіру – 3,680 млн. тонна. Темір кенді тауарлық шекемтас өндіру – 4,326 млн. тонна. Индустриялық-инновациялық бағдарламалар: Кен базасын кеңейту. Жоба құны – 825 млн. АҚШ доллары, аяқталу мерзімі – 2015 жыл. Өнімділігі жылына 7 млн. тонна жоғары сапалы концентрат байыту кешенінің құрылысы. Жобаның құны – 455 млн. АҚШ доллары, аяқталу мерзімі – 2014 жыл. Өнімділігі жылына 5 млн. тонна күйдіру машинасы мен қуаттылығы жылына 1,8 млн. тонна металданған өнім өндіретін зауыт құрылысы. Жоба құны – 1 230 млн. АҚШ доллары, аяқталу мерзімі – 2014 жыл. Экологиялық бағдарлама мен еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі Кәсіпорында құрамына төмендегілер кіретін менеджменттің біріктірілген жүйесі істейді: ISO 9001 сапа менеджменті жүйесі, ISO 14001 қоршаған орта менеджменті жүйесі, OHSAS 18001 денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі, SA 8000 әлеуметтік жауапкершілік менеджменті жүйесі. Халықаралық «Du Pont» компаниясымен бірге еңбек қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі «Луч» жобасын енгізу жүргізілуде. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына жұмсалған шығын 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,7 млрд.теңгені (18,7 млн. АҚШ доллары) құрады. Еңбек қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі «Луч» жобасын енгізу жүргізілуде. Осы жоба шеңберінде 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 15,25 млн. теңге (104,5 мың АҚШ доллары) игерілді. ССКӨБ-те менеджменттің біріктірілген жүйесі енгізілді, оның құрамына ISО 9001сапа менеджментінің жүйесі мен ISО 14001 қоршаған ортаны қорғау жүйесінің менеджменті, OHSAS 18001 денсаулықты және еңбек қауіпсіздігін қорғау менеджментінің жүйесі кіреді.ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Қызметшілерге арналған әлеуметтік бағдарлама: сыйақылар, материалдық көмектер; негізгі мамандық жұмыскерлеріне арнайы ақысыз тамақ; көп балалы және мүгедек балалары бар отбасыларына көмек; жас мамандарды қолдау; зейнеткерлерді қолдау. Ардагерлер ұйымдары жұмыс істейді. компания есебінен қызметкерлер балаларына жоғары білім алуға мүмкіндіктер бар. Компанияның қаржылық қамтамасыз етуімен қызметкерлер үшін келесі мекемелер жұмыс істейді: «Горняк» мәдени-көңіл көтеру орталығы; «Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығы; «Горняк» жастар-спорт кешені; туристік демалыс базалары. Қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері үшін компания мынадай ірі іс-шаралар ұйымдастырады: туристік слеттер, балалардың жаңа жылдық ертеңгіліктері, КВН фестивальдары, жазғы және қысқы спартакиадалар.ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
1954 ж. 30 маусым – КСРО Министрлер Кеңесі ССКӨБ құрылысының басталуы туралы қаулы шығарды. 1955 ж. қаңтар – Соколов кенішінде кен өндіру жұмыстары басталды. 1956 ж. қараша – Сарыбай кенішінде кен өндіру жұмыстары басталды. 1957 ж. тамыз – Челябі металлургтарына тауар кенінің алғашқы эшелоны жіберілді. 1966 ж. шілде – шекемтастардың миллионыншы тоннасы шығарылды. 1967 ж. шілде – шикі кеннің 100 миллион тоннасы өндірілді. 1974 ж. қазан – темір кені концентратының 100 миллион тоннасы шығарылды. 1975 ж. маусым – Соколов жер асты кеніші пайдалануға берілді. 1983 ж. ақпан – Қоржынкөл кенішінің алғашқы кезегі пайдалануға берілді. 1985 ж. шілде – Сарыбай кенішінің терең деңгей жиектерін аршуға арналған темір жол тоннелдерінің алғашқы кезегі пайдалануға берілді. 2007 ж. мамыр – Оңтүстік Сарыбай кенішін игеру жұмыстары басталды; 2009 ж. қыркүйек – алтыншы энергетикалық блокты салуға байланысты ЖЭО қуаты 267 МВт.-ға дейін өсті. 2010 ж. 23 маусым – металл илектеу зауыты іске қосылды. ________________________ Дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.