Әйгілі Есенқұл ақынның Саурық батыр туралы жырының басталар тұсында «Қойторының тоқтығы-ай, Тайторының жоқтығы-ай!» деген зармен суарып жазылған жолдар бар. Жау найзасына ілініп қапыда кеткен Саурық батырдың сондағы өкінішін өлеңіне өзек етіп алған сезімтал ақынның батырлар жорығының түп-мағынасын тереңнен білетіндігіне сүйсінесің, жыр жолдарын оқи отырып батырлар мен ақындар елінің бай шежіресіне емін-еркін бойлай бересің, бойлай бересің!..
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть
Саурық батырдың жан серігі Сұраншы батырдың құрдасы әрі сенімді сарбазы тайторы Ниязбектен туған Сәттібектің – ел арасында Сәке болыс атанған, аса даңқты тұлға болғаны тарихтан жақсы мәлім. Оның көрнекті бір мысалы шежіре парақтарына айна-қатесіз былайша түсірілген де.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінде ақсақалдық-абыздық жастағы Сәке Ниязбекұлы болыс Үшқоңыр жайлауында қол жинап жатқан Бекболат Әшекеұлының қосынына ат арылтып, алып ұшып алдымен жеткен екен. «Ұлтарақтай болса да ата қоныс жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат. Мұндай кезде тыныш та жата алмадым, Беке! 300 жігітке кебінін кигізіп, асыл тұқымды жылқыларымнан ұстап мінгізіп, сапқа тұрғызып алдыңа алып келдім. Еліміз үшін жан қисақ көріміз бір, жеңіп шықсақ шығар тауымыз бір, тігер Туымыз бір...» деген екен. Сонда Бекболат батыр шын тебіреніп: «Сені Сәке дана дейді, Ел-жұртына пана дейді. Жауға салса батырымсың, дауға салса ақылымсың. Ел үшін жанын тіккен, Асыл Ер жақынымсың. Сәке болыс, Сәке би, Сәке батыр деген даңқың бар, соңыңда қарақұрым тыңдайтын халқың бар. Ер айтса – елдің айтқаны, елдің қамын жеп айтқаны. От ішінде туғандар өрттен қорықпайды. Қайран ерлерім, қырандай ұшып жеткен екенсіңдер ғой...» деген екен.
Ел тұтқасын ұстаған Сәке болыс Ниязбекұлының 175 жылдығын дүрілдетіп өткізген ұзынағаштықтар – батырлар елінің ұрпағы ардақты ұлдарының есімін ел есінде мәңгі сақталатындай етіп ардақтап, мадақтады. Іс-шарасы ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласып, азуын айға білеген ғалым-ғұламалар тарих тұңғиығынан шертіп-шертіп таңдап алған шежірелерін оқыды, арқалы ақындар төгіп-төгіп жырдан шашу шашты. Көне архивті тереңнен көтерген деректі фильм көрсетіліп, «Тайторы Сәке болыс» кітабының тұсауы кесілді, жас ұрпаққа аманат етілді.
***
Көзі тірісінде Есенқұлдың өзі желпініп өлеңдерін оқи алмай кеткен Мәдениет үйінің сахнасына Түркиядан келген қонақтар осы күні суырыла сөз саптап шықты. Түрік қызы Есенқұлдың «Жақсы адам еді» өлеңін түрік тілінде жатқа оқыды. Лық толған залда мұң орнады, көз жасы сығылды, елдің есіне Есенқұлы түсті... Анадолы – «Кардеш каламлер» («Бауырлас қаламдар») әдебиет журналының бұл санын түгелдей қазақ ақыны, Мәдениет саласының үздігі Есенқұл Жақыпбекке арнапты. «Бауырлас Анадолы елінен, Түрік жерінен Абай, Махамбет, Сүйінбай, Жамбыл, Есенқұл еліне жалынды сәлем!» деп қиыла сөз сөйлеген Атаман Калебозон ханымның жүрек тебірентерлік жан сырын есту Есенқұл ақынға бұйырмаған екен!..
«Ақынның еркін үлгіде жазған өлеңдері оның өмірде қандайлық еркін ой-сезімінде еркін жүргенін көрсетеді» деген Атаман ханым өзі редакциялаған, түрікше жарық көрген, бүгін ақынның туған күніне орай осында, Ұзынағашта тұсауы кесілген «Жазғы таңда» («Yaz safaginda») жыр жинағы түрік оқырманының басына жастап оқитын кітабына айналатынына сендірді. «Есенқұл Жақыпбек – түркі әлемінің ардақты да арлы ақынына айналды».
Ақынның өлеңдерін Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің жауапты қызметкері Мәлік Отарбаев аударған. «Өзге тілден аударылған талай жырды қалпына келтіргенше «сан рет өліп-тірілесің», бірақ, Мәлік Отарбаевтың аудармасындағы Есенқұлдың өлеңдері тау суындай сылдырап тұр. Мың рахмет, Мәлік!» деп ағынан жарылған Атаман Калебозонның сезімге толы жүрекжарды сөзін құлақпен есту қандай-ды, шіркін! Халықаралық Жамбыл атындағы қордың төрағасы, жазушы Манарбек Ізбасаров игі істің ізін суытпай дипломат-жазушы Мәлік Отарбаев пен ақын Атаман Калебозонға халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты атағын тапсырды.
Ел ақынына айналған Есенқұлдың «Шөп шыққанға бір қуанып, Көк шыққанға бір қуанып, Сөк сыққанға бір қуанып, Өмір өтті-ай зырғып ағып..» атты ел аузындағы шумағы өзі өлең оқи алмай өткен Мәдениет үйінің маңдайына тасқа басқандай етіп жазулы тұрды...
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Суреттерді түсірген Нұрманбет ҚИЗАТҰЛЫ
Алматы облысы,
Жамбыл ауданы