Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
Адырбеков Икрам;
Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы;
Имашев Берік Мәжитұлы;
Мәми Қайрат Әбдіразақұлы;
Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы;
Нығматулин Ерлан Зайроллаұлы;
Полторабатько Людмила Григорьевна тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 23 қараша. №178