Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Икрам Адырбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы, Корея Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды;
Абай Бөлекбайұлы Тасболатов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Абдоллаұлы Жарасов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.