Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің бұйрығымен Алмас Сұлтанұлы Батанов ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Алмас Батанов 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «АӨК-тегі ақпараттау жүйесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы – Алматы технологиялар және бизнес университетін «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша аяқтаған. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ноттингем университетінде (Ұлыбритания) оқып, ақпараттық технологиялар менеджменті магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2000–2009 жылдары Қазақстан метрология институтында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2011–2013 жылдары – Экономикалық зерттеулер институтының бас сарапшысы; ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының референті, сарапшысы, кеңес берушісі.
2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР Өңірлік даму министрлігінің Өңірлік мониторинг және бағалау департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2014-2016 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеген.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2016 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.