• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әдебиет 06 Наурыз, 2018

Азаттық аңсаған ерлер

881 рет
көрсетілді

Редакция есігін бидай өңді әйел адам ашты. Қолында жасыл түсті кітабы бар. Әдетте редак­ци­яға келетін кісілердің көбі жа­риялайтын, я жариялай алмай жүрген қолжазбаларының тағды­рына алаңдап келеді. Біз де соған жорыдық. Бұл Тәуелсіздік күні қарсаңындағы оқиға еді.

Амандық-саулық сұрасқан соң, танысып, жасыл кітаптың баянын айтты. Әпкеміздің есімі – Бұхаргүл екен.

– Атам Әбдіхалық молла 1884 жылы қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы Киікті, Мойынты өңі­рінде дүние есігін ашыпты. Ата­дан бес ағайынды екен. Бәрі дін жолына түскен қалпе, молда болған кісі­лер.  Он алты жасқа толған ша­ғын­да арғы атамыз Дүйсен қалпе Қаратау деген жердегі медресеге оқуға беріпті. Он бір жыл сонда оқып, елге қайтыпты. Молдалық құрып жүрген шағында 1930 жылы НКВД соңына түсіп, алты ай қыста тауды пана қып, күн кешіпті. Ақыры қуғын тоқтамайтын болған соң, Керегетас тауының бір үңгі­рін­е Құран кітаптарын тығып, өзі Қырғызстанға өтіп кетеді. Сонда үбірлі-шүбірлі болып, 1963 жылы туып-өскен еліне оралады. Баяғы тығып кеткен кітаптарын 30 жылдан соң тауып, алады. Қазір сол кітап­тар Ғабдулхамид бауы­ры­мыз­дың үйінде. Атамыз өлең жаз­ған екен. Соны жинақтап шы­ғар­­ған едік. Егемендікті аңсаған ата­мыз­дың тілегі ел амандығы, бос­тан­дық таңы болатын. Сол кіта­бын сіз­дерге әкеп отырмын, – деді.

Содан бері екі айға жуық уақыт өткенін байқамай қалдық па, әлде күнделікті жұмыстың қаурыт­тығымен қаперге алма­дық па, уақыт сырғып өте шығыпты. Ел ішінде өлең жазатын ақсақал­дары­мыз көп-ақ. Бұрын да жазған аталарымыз аз болмапты.

Өлеңдерін парақтап отырғанда автордың жан дүниесін сезінбей өте шығу мүмкін бе? Сонау ғасыр­дың қойнауында қалған құпиясы басым қасіретті жылдардың сұр­қия келбетін көз алдымызға кел­генімен, толық сезіне алмай әре-сәре күй кешесің. Мына өмірде тәуелсіздікке ештеңе жетпейтінін ғана түсініп үлгересің. Әбдіхалық молданың:

 Бодандықтан көз ашпаған қазағым,

Сан ғасырда көрдің өмір азабын.

Әуел бастан бас-басыңа би болған,

Қазағыма құрды жаулар тұзағын,

– деген сөздерге қазір көркем­­дік жағынан көп мін айта алға­ны­мыз­бен, сол кезде осы сөзді қан­ша­лық­ты аңсармен, жан ауыр­тып жаз­­ғанын ойладық па?! «Қашан еге­мен ел боламыз?» деген бір кезде­гі мазалы сұрақ – бүгін біздің ба­қы­­ты­мыз. Егеменбіз! Елміз! Тар жол­да, тайғақ кешумен күні өткен Әбді­халық молданың келбеті көз алдымызға жиынтық бейнедей көрін­ді. Азаттықты аң­саған, сол жол­да жапа шеккен ерлерім, рух­тарың шат болсын!

 

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»