• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Наурыз, 2018

Бақытбек Смағұл: Бірлігі бекем елдің болашағы жарқын

563 рет
көрсетілді

Қазіргі заман сын-қатерлерге, теріс «тосын сыйларға» толы. Бұл кейбір елдерде саяси, эконо­ми­калық қана емес, сондай-ақ әлеу­меттік «зілзалалар», радикалды үрдістер туғызып, сол мемле­кет­тердің ұстындарын шайқал­ту­да.

Мұндай жағдайда тек шын мәнінде қуатты мем­ле­кет­тер ғана әлеуметтік инф­ра­құ­ры­лымды нығайтуын жалғас­ты­рып, өз азаматтарының өмір дең­гейін одан әрі көтеруге қау­қарлы. Елбасының бүгінгі «бес әлеу­мет­тік бастамасы» Қазақстанның қуа­ты мен әлеуетін әлемге танытты.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» өркендеу үшін жаңа алғышарттар туғызады. Бұл ретте ол бұған дейін жарияланған және жүзеге асырылып жатқан жаңғыру идеяларымен жақсы қабысады.

Егер жіті үңілсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бастамалары, ең алдымен, ешкімге масыл болып қарап отырмайтын, қайта бойын­дағы бар әлеуетін қажетке жар­атып, еңбек ететін, ілгері баса­тын, білім-ғылым игеретін бар­ша жігерлі қазақстандықтарға арнал­ғанын байқауға болады. Атап айтқанда, ресми табысы бар, бірақ баспанасы жоқ азаматтар­ға 7 пайыздық мөлшерлеме­мен 25 жылға жеңілдетілген ипоте­ка берілмек. Жалақысы төмен саналатын жұмыскерлерге салынатын салық он есе азайтылып, 1 пайыз ғана болады. Мұндай игілікті тіпті дамыған елдерде табу қиын. Сонымен бірге ЖОО-ға түскісі келетін жастар үшін білім гранты 20 мыңға ұл­ғай­тылады. Бес жыл ішінде ең кемі 75 мың студентті қамтитын жаңа жатақханалар қолданысқа берілуге тиіс. Бұдан бөлек, өз бизнесін ашқысы келетін іскер-ісмер жандарға биыл 62 миллиард теңге көлемінде шағын несиелер ұсынылады. Мұның барлығы халық тарапынан кең қолдау табарына сенемін. Өйткені кез келген ға­сырда, кез келген қоғамда жаң­ғырудың ұстыны – экономи­ка­лық белсенді тұрғындар мен тиімді жұмыс жасайтын институттар болған.

Мәселен үйі болмай, күйі келмей жүрген отбасылар­дан рухани жаңғыруды, жаңа тех­нологиялық серпінге септесуді сұрау қиын.Демек, бес бастама болашақ­қа да бағдарланып отыр. Ал елі­міз­дің келешектегі даму бағ­дары мен бет алысы бүгінгі жаң­ғыру­лардың табысына тікелей байланысты болады.

Тағы бір назар аударар жайт, бірлік ұғымы Елбасының бү­гін­гі Үндеуінің өн бойына «алтын арқау» болып өрілген. «Бүгін­гі бастамалар еліміз тұтас, қоға­мы­мыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады. Ал ел бір­лігі – ең бірінші, қазақтың бір­лігі. Жаһандық көштің басын­да жүретін мерейлі ел болу үшін бір­лік пен ынтымақ алды­мен өзі­міз­ге, қазаққа керек. Тарих­тың өзі дәлелдеген бір ақи­қат бар – хал­қымыз бірлікте бол­са кү­­­шей­­ген, бірлігі қаш­са әлсі­ре­ген», – деді Мемлекет басшысы.

Ендеше азаттықтың ширек ғасырдан астам тарихында тату­лығы мен келісімін сақтай білген Қазақ­стан халқы үшін енді әрі қарай да айнымас ауызбірлігін, жар­қын болашаққа ұмтылысы мен жасам­паздығын бекемдей түсуі – парыз. Себебі Елбасы айтқан­дай, Үндеудің сыры – бірлікте, жүдеу­дің сыры – алауыздықта.

Бақытбек СМАҒҰЛ, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары «Қазақстан ардагері» Қауымдастығының төрағасы