21 наурыз күні Астана уақыты бойынша 23 сағат 44 минутта Байқоңыр космодромынан транспорттық ұшыру кемесімен (ТҰК) бірге «Союз-ФГ» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Роскосмос.
Халықаралық ғарыш стансасына аттанған (ХҒС) «Союз МС-08» ғарыш кемесінің экипаж құрамында кеме командирі, Роскосмос ғарышкері Олег Артемьев, ТҰК бортинженерлері, NASA астронавтары Эндрю Фойстел мен Ричард Арнольд бар.
Ғарыш стансасының хабарлауынша, ұшыру штаттық режимде өтті. Зымыран тасығыштың, «Союз МС-08» кемесінің үшінші сатыдан бөлінуі жоспарланған мерзімде өтті. Ғарыш кемесі Жердің жасанды спутнигінің орбитасына шығарылды. «Союз МС-08» кемесінің ХҒС-мен түйісуі екі тәуліктен кейін жүзеге асады деп жоспарланып отыр.