• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2011

Ұлы ұстаздың тойы өз мектебінде өтті

327 рет
көрсетілді

Қостанай-Торғай жерінде ұлы ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 170 жыл толуына байланысты бірсыпыра шаралар өтті. Оның барлығы да негізінен білім ошақтарында ұйымдастырылды. Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика институтында «Жаһандану жағдайында білім берудегі ұлттық тағылым мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан педагог ғалымдар мен мұғалімдер қатысып, екі күн бойы бүгінгі ұрпақ тәрбиелеу ісі жөнінде ойларын ортаға салды. Алтынсарин туралы шаралардың бірсыпырасын облыс орталығындағы Л.Толстой атындағы әмбебап кітапхана орыс және қазақ мектептері үшін жеке-жеке өткізді. Ұлы ұстаздың мерейтойына байланысты шара облыстық мәдениет және білім беру басқармаларының қолдауымен Қостанай қаласындағы Ыбырай атындағы дарынды балаларға арналған орта мектепте жалғасын тапты. Ұлы ұстаздың туған жеріне оның өзінің ұрпақтарының шақырылуы осы шараның ерекшелігі болды десек, олар мектептерде, кітапханаларда өткен шараларға қатысты. І.Омаров атындағы қазақ драма театрынан Ы.Алтынсарин туралы спектакльді тамашалады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.