• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2011

Ұлылықпен кездесу

329 рет
көрсетілді

Ол кезде де, осыдан тура бір жыл бұрын төңірек дәл осындай ақ ұлпаға малынып тұрған. Ол кезде де дәл осын­дай мерекелік көңіл-күй болатын. Содан бері де бір жыл өте шығыпты. Талай-талай шаруа  тынды­ры­лып, қан­шама іс жүзеге асты. Оның бірі есте, бірі естен шығып та кеткен болар-ау. Ал, естен кетпейтіні қыр­ғыз­дың төрткүл дү­ниеге аты кет­кен  даңқты пер­зенті Шың­ғыс Төре­құл­ұлы Айт­ма­тов­тың «Егемен Қазақстан­ның» ұжымын­да­ғы кездесуі еді. Ол кісіні редакцияға атақты суреткеріміз Әбіш Кекілбай бастап келген. Бұл желтоқсанның 17-сі еді. Егер кешегі сәби тарихқа көз салсақ, бұл күннің де символдық мәні бар. Сол күні әйгілі Желтоқсан оқиға­сына да жеті жыл толып еді. Қашанда жүрегі ел деп соққан суреткердің осы бір келісін журналистік жүйрік көңіл сол оқиғамен іштей сабақтастырады. Кешегі одақ алдында осы оқиғаны кеудесімен қорғап, қаһарланып сөйлеген суреткермен сол күндердегі кездесуді бақытқа балағанбыз. Сол күні редакция қызметкерлерінің қолында бір-бір кітап еді. Талай жақсылар мен жайсаңдардың қонақжай шаңырағына айналған «Егемен Қазақстанның» қызметкерлері сол күні ұлы суреткермен иық тірестіріп отырып ойласты, сырласты, пікірлесті. Бұл ұлылықпен кездесу еді... Қали СӘРСЕНБАЙ. Бетті әзірлеген  Сұңғат ӘЛІПБАЙ.