• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2011

Редакторлар лебізі

401 рет
көрсетілді

Нөмірде осындай айдар бойынша әр жылдары «Егемен Қазақстан» газетін басқарған азаматтардың сөздері берілген. Бұл мақалалар негізінде белгілі бір сауалдар бойынша ұйымдастырылғаны сезіледі. Мәселен, газеттің 1960-1969 жылдарғы редакторы болған Кеңесбай Үсебаевтың мақаласы «Ағалар ісі  үлгі болсын» деп аталса, газетті 1973-1983 жылдары басқарған Сапар Бай­жановтың мақаласы «Әр газеттің өз даңғылы болмас па?..» деп аталған. Ба­сылымға 1983-1986 жылдары редак­тор­лық еткен Балғабек Қыдырбекұлының мақаласы «Қазіргідей еркіндік жоқ еді» деген тақырыппен берілген. 1987-1989 жылдарғы бас редактор Көрік Дүйсеев өзі басқарған кезді «Қиын да қызықты жылдар» деп еске алса, 1989-1992 жыл­дарғы бас редакторы Шерхан Мұртаза ағамыз өз лебізін «Үш күндей өте шыққан үш жыл» деп еске алыпты. Ал 1992-93 жылдарғы бас редактор Әбіш Кекілбаев ағамыз «Газетке азаматтық сипат қажет» депті.