• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2011

Біз жемқорлыққа қарсымыз!..

815 рет
көрсетілді

Бұл күндері елімізде «Нұр Отан» ХДП-ның бас­шыл­ық жасауымен жемқор­лық­қа жол бермеу жөнінде қарсы форумдар өткізілуде. Аталған қарсылық форумы 20 қазан – 20 қараша айлары аралығын қамтып отыр. Жем­қорлыққа тосқауыл қою – бұл Ел­ба­сы­ның саясаты. Осы саясаттан туындаған жемқор­лық­қа қар­сы барлық тап­сыр­малар мен шаралар өңірлерде қалай жү­зеге асырылуда деген мақ­сатпен  облыс ор­та­лығына осы қарсылық фо­румына қа­тысуға «Нұр Отан» ХДП пар­тиясының жемқор­лыққа қар­сы республикалық қоғам­дық кеңесінің төрағасы, сенатор Оралбай Әбді­кәрі­мов келді. Жең ұшынан жал­ғасқан жем­қорлық болса тый­ылмай тұр. Еліміздің бай­лығы әркімнің қолында кетпес үшін сыбай­лас жемқор­лыққа қарсы күресті «Нұр Отан» ХДП өз қолына алып, жандандыра бастады. Жи­ынға облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев қатыс­ты. Жем­қор­лықтың  облыс  ішінде жа­са­лып, қолға ала­тын жұмыс­та­рына  бөгет жа­сайтыны да на­зар аудартады. Тендер ұтып алдық деп об­лыс жағ­дайын білмейтіндер келіп, құрылысқа, жол са­луға, су мәселесіне араласпақ бо­ла­ды. Осындай жайлар об­лыста бір емес, бірнеше рет кездесті. Облыс орталығында өт­кен қарсылық форумына облыстағы барлық мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйым өкілдері, пар­тия­ның облыстық филиал мүш­е­лері, облыстық мәслихат де­путаттары, құқық қорғау орын­дары өкілдері қатысты. Онда сыбайлас жемқорлыққа бірігіп қарсы тұру мақса­тын­да мемлекеттік органдар­дың, қоғамдық азаматтық инсти­туттардың және бұқа­ралық ақпарат құрал­дары­ның рөлі мен маңызы қа­ралды. Облыс прокуроры Д.Сартаев, об­лыс­тық қаржы полициясы бас­тығы М.Сабаншиев, тәртіптік кеңес төр­ағасы Н.Рамазанов сөз сөйлеп, жем­қор­лықпен күрес барысында ат­қарып жатқан бірқатар жұ­мыстарға тоқтал­ды. Өткен жылдармен салыс­тырғанда бұл індеттің жолы азая бас­таған. Мәліметтерге қара­ған­да, парамен ұстал­ғандардың басым бөлігі са­лық комитеті, халыққа қыз­мет көрсету ор­талықтары, денсаулық сақтау саласында кездескен. Жыл басынан бері жемқорлыққа қатысы бар 43 іс қозғалған. Олардың 12-сі пара алып жатқан жерлерінен ұсталған. Жалпы шығын мөлшері 18 миллион теңге көрінеді. Жем­қорлық туралы мәлімет берген азаматтардың құқы өз деңгейінде қорғалуы керек, бұл болашақта қаралатын жұмыс болуы керек, деді өз сөзінде Оралбай Әбдікәрі­мов. Бүгінгі таңда «Нұр Отан» ХДП облыстық фи­лиалы жемқорлыққа қарсы қо­ғамдық кеңес құрып, құ­қық қорғау органдарымен бір­ге белсенді түрде жұмыс атқаруда. Бұдан басқа да түрлі комиссиялар жұмыс жа­сайды. Қазір облыс орта­лығындағы көптеген орын­дарында партиялық бақылау постылары құрылған. Сон­дықтан біздер бұл кеселге біртұтас қоғам болып шық­қан жалпыхалықтық кү­ресті, қарсылықты қолдай­мыз, – дей­ді «Нұр Отан» ХДП жергілікті филиалы мүшелері. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.