• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2011

Ұлтаралық татулықты паш еткен қойылым

406 рет
көрсетілді

Астана қаласындағы К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында Қазақстан хал­қы Ассамблеясы «Қазақ­стан­ның Даму банкі» АҚ қол­дауымен «Самұрық» Ұлттар театры белгілі қазақ жа­зу­шысы, драматург Дулат Иса­бе­ковтің пьесасы негізінде сах­на­лан­ған «Бақыт құсы» спектаклін көрермен назарына ұсын­ды. Спек­такльдің режиссері Нұрқанат Жақыпбаев. Қойы­лым­ға Әуезов атындағы, Лермонтов атындағы, Н.Сац атын­дағы өнер орда­ла­ры­ның, сон­дай-ақ ұйғыр, корей театр­ла­ры­ның танымал әртістері, Т.Жүр­генов атындағы Ұлттық өнер академиясының студенттері қатысты. «Бақыт құсы» бұл қазіргі заманның өзекті мәселелерін терең философиялық тұрғыдан қарастыратын лирикалық драма. Туған жерін сүйіп, бағалай білетін, бір-бірінен көмегін аямайтын ауыл­дастардың өмі­рін суреттейді. Қойылымда тілдері бөлек түрлі ұлт өкілдері өзара махаббат пен келісім тілінде түсініседі. Онда көрер­менді еріксіз күлкіге тартатын оқиғалар да баршылық. Рухани дәстүрлерді дамы­тып, адамдарға ізгілік сый­лау­ды ал­ды­на мақсат етіп алған «Самұрық» Ұлттар театрының көркемдік жетекшісі Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы екенін де айта кеткен жөн. Қанат ЕСКЕНДІР, Астана.