• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2011

Қазақ елі үшін жемісті жылдар

353 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының атына Алматы қа­ла­сындағы бір топ жастардың атынан хат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.  Хат авторлары «Тәуелсіздіктің 20 жылы сан алуан ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астына жиған мемлекетіміз үшін, талай ауыртпалықты жеңе білген Қазақ елі үшін үлгі тұтарлық нәтижелі, жемісті жылдар болды», деп жазады. Елбасын Тәуелсіздік мерейтойымен шын жү­рек­тен құттықтап, ел мүддесі жолындағы қызме­тіне сәттілік және елімізге гүлдену тілеген ізгі тілекке толы хатқа А.Қырықбай, Г.Көбеева, А.Сқа­былұлы, А.Игілікова, Ә.Тұр­дығұлов, М.Нәлібаев, Қ.Төсекбаев, Д.Ма­ратұлы, Г.Байбақова және «Жастар жырлайды» бағдарламасына қатысқан 32 ай­тыс­кер ақын қол қойған.