• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2011

Ұдайы қамқорлық үшін ақ алғыс

468 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ел өңірлеріндегі колледждер мен кәсіптік лицейлер директорлар кеңесі төрағаларынан хат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Хат авторлары Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары атынан Президентке еліміздегі ғылым мен білімді дамыту мәселесінде көр­сет­кен ұдайы қамқорлығы үшін алғыстарын білдіреді. Хатта елдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі едәуір өзгерістерге түскені атап өтілген. Мемлекет қазақстандық жас­тар­дың анағұрлым сапалы техни­ка­лық және кәсіби білім алып шы­ғып, еңбек нарығына бейімделуі үшін қажетті жағдайды жасауда. Посткеңестік кеңістікте Қазақ­стан білім саласында, әлемдік білім беру жүйесіне кірігуде ре­формаларды тереңдете жүргізуде және қарқынын арттыруда алғаш­қы орында келеді. Білім беру ме­кемелерінің саны артуда, кәсіптік лицейлер ашылуда, Астана, Ал­ма­ты, Ақтөбе, Шымкент қала­ла­рында әлемдік деңгейдегі колледждер құрылысы жоспарлануда. Хат авторлары Президенттің тапсырмасында мамандарға сұ­ранысты анықтайтын, өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға, шеберлер мен оқытушыларды өн­дірісте тағылымдамадан өткізуге, түлектерді жұмысқа орналас­ты­ру­ға нақты көмектер көрсететін ұлттық, салалық және өңірлік кеңестер, «Кәсіпкер» Холдингі» АҚ құру, білім беру мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәсе­лелері көрініс тапқанын атап өткен. Мемлекет басшысының техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне көрсеткен үнемі қолдауының арқасында білім беру мекемелерінің инновациялық қызметі жан­данып, тек әлеу­меттік серіктестік назарын ғана емес, сондай-ақ шетелдік инвесторлар наза­рын аударуда. «Құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы! Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері Сіздің үлкен саяси биіктердегі жетістікке толы еңбек жолыңыз метал­лург мамандығы бойынша жұ­мысқа араласудан бастау алды. Сіздің еңбектегі өмірбаяныңыз жастар үшін зор үлгі-өнеге бо­лып табылады. Кез келген елдің экономикасының дамуындағы не­гізгі нәрсе адам еңбегі болған және болып та қала береді. Ең­бектің мәнін, еңбек адамын ұлықтау мақсатында біз 2012 жылды «Еңбек адамының жылы» деп жариялауды ұсынамыз. Біз Сізді еліміздегі техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің үлкен әлеуеті, мықты шығар­машылық бағыты, патриоттық рухы бар деп сендіреміз. Біз Қазақстанды индустрияландыру, инновациялық экономика үшін, болашағы мол кәсіби ма­мандарды даярлау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсай­мыз және Сіздің сеніміңізді ақтаймыз!», делінген хатта. Хат авторлары арасында – Балқия Пішенова, Ысқақ Нұр­мұханбетов, Жантілеу Азисханов, Ақнұр Еслямова, Бағдагүл Жар­мағамбетова, Жақсыбай Қа­сым­бек, Халидолла Тайпанов, Шал­қыма Құрманалина, Зекен Рахимов, Серікбол Шатинов, Са­тыбалды Байғабылов, Хамитжан Орымбаев, Нұрлан Ақ­дәу­летов, Анна Ушакова, Қабылқақ Қа­пенов, Жеңіс Әбілмәжин, Жеңіс Бабжанов, Еркін Сат­қанбаев бар.