«Есіл» ауданының әкімі болып 2008 жылдың сәуір айынан бері «Сарыарқа» ауданын басқарып келген Сәбила Мұстафина тағайындалды. Ол 2008 жылғы тамыздан бері осы қызметті атқарған Қайрат Жаңабергеновті ауыстырды. Қ.Жаңабергенов басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
«Сарыарқа» ауданының әкімі болып 2011 жылғы қыркүйектен бері Астана қаласының мәслихат хатшысы болған Ермек Оспанов тағайындалды.
Бұл шешім Астана қаласы әкімінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Облыстық, аудандық маңыздағы қалалар, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандар, ауылдар, ауыл округтерінің әкімдерін тағайындау, қызметінен босату тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес 2011 жылғы 29 қарашада, сейсенбі күні елордалық мәслихаттың кезектен тыс 74 сессиясында қабылданды.
С.Мұстафинаның Қазақстанның комсомол ұйымдарында, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарында, Астана қаласының жергілікті атқару органдарында басшылық лауазымдарда қызмет еткен үлкен тәжірибесі бар, деп атап өтті елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов.
Оның айтуынша, Е.Оспановтың комсомол ұйымдарында, Алматы мен Астана қалаларының жергілікті атқару органдарында жинақтаған тәжірибесі мол. Қала әкімі сондай-ақ аудан әкімінің жұмысы өте жауапты іс, деп атап өтті. Мен қайтадан тағайындалған әріптестеріме сәттілік тілегім келеді. Олар бұған дейін жинаған тәжірибелерін жаңа міндеттерді шешу жолында қолданулары қажет.
«Егемен-ақпарат».