• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Сәуір, 2018

Еліміздің солтүстігінде тұман, көктайғақ болады

260 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігіне антициклон әсер етеді, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, тек еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын (қар және жаңбыр түрінде) түседі. Оңтүстіктің кей жерлерінде қатты нөсер жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте дауылды жел, найзағай, бұршақ күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауылды жел, шаңды боран, желдің 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі, түнде кей жерлерде көктайғақ болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшеюі күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын бақыланады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Сондай-ақ, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде де тұман күтіледі.