• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Сәуір, 2018

Визасыз режім – елімізге деген сенімнің көрінісі

326 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналатындығын атап өтті. 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

«Үкімет виза мәселелерін жеңілдетуді, инфрақұрылымды дамытуды және туризм саласындағы кедергілерді алып тастауды қамтитын кешенді шаралар қабылдауы керек» деген еді Елбасы.

Еліміздің сауда-экономика­лық, инвестициялық, транзит­тік-көліктік саясатының басым­дық­тары Қазақстанға әлем­нің кез келген мемлекетімен тере­зесі тең жағдайда келіссөздер жүр­гізуге мүмкіндік береді. Әсі­ресе қазақтың ұлан бай­тақ жерін­де қалыптасқан бей­біт­­ші­лік пен ымырашылдық Қазақ­станның жаһандық саяси картадағы маңызын арттыра түсті. Ел Президенті ұстанған көпвекторлы, үйлестірілген және праг­матикалық сыртқы саясатымыз отан­дас­тарымыздың әлемнің кез келген нүк­тесіне еркін жүріп-тұруына, қозғалысына да оң әсерін тигізбей қойған жоқ.

Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмір­лік­тері­не ресми сапарының аясында визасыз режім енгізу екі ел арасындағы қа­рым-қатынастарға оң әсер ететініне назар аударып өтті. Ал бұған дейінгіні АҚШ-қа ресми сапары барысында Елбасы америкалықтарға Қазақстан­ға визасыз келу тәртібі енгізілгендігін мәлім­деген болатын. АҚШ тарапы қарым­та жауап ретінде қазақстандық­тар үшін виза беру шарттарының жеңіл­­детілетіндігін хабарлады. Атап айтқанда, бұған дейін де ол виза отан­да­старымызға бұрынғыдай 5 жылға емес, екі есе ұзартылып, 10 жылға беріле бастады. Демек, бұл келісім әлем­нің ең алпауыт мемлекеті үшін Қазақ­станның Қытай, Үндістан немесе Мексика тәрізді стратегиялық маңызы бар елдердің қатары­на қосылғандығын айғақ­тайды. Енді екі ел арасында сауда-экономикалық, ғылы­ми-техни­калық, мәдени-гумани­тар­лық, туристік және тағы басқа сала­лар­дағы ынтымақтастық байла­ныстардың жаңаша қарқын алатын­дығы талас тудырмайды.

Мұндай келісімдердің сыртында жылдарға созылған келіс­сөздер, айлармен айшық­тал­ған дипломатиялық арпалыс, күндерге созылған күй­бе­лең тірлік жатыр. Бұл жерде де Қазақстанның шынайы мүмкіндіктерімен қатар Елба­сы Н.Назарбаевтың әлем­дік аренадағы абырой-беделінің асқақтап тұрғандығы асығы­мыз­дың алшысынан түсуіне себепкер болатындығы құпия емес.

Халықаралық «Henley & Partners» компаниясының дәс­түрлі рейтингіне қарағанда, 2018 жылдың алғашқы екі айы­ның қорытындысы бойынша қазақ­стандықтар 73 елге визасыз немесе жеңілдетілген тәртіп бойынша бара алады. Бұл – өзара сенім, ықпалдастық пен жоғары байланыстың да көрсеткіші болса керек. Қазақстанның мүм­кіндіктері мұнымен шектел­мейді – азаматтарымыз бұл рейтинг жарияланған ақпан айынан бері Біріккен Араб Әмірліктеріне де визасыз бару мүмкіндігіне ие болғандығын атап өттік. Беларусь, Әзербайжан және Өзбекстан сияқты ТМД мемлекеттерінің бұл тізімде Қазақстаннан кейін тұрғанын айта кеткен жөн.

Компанияның жаңартылған рейтин­гін­д­е Сингапур мен Жапония көш бас­тап келеді. Аталған мемлекеттің азаматтары әлемнің 180 еліне еркін кіріп-шығу құқығына ие. Ал бұған дейін топ басындағы Германия төлқұжаты екінші орынға сырғып, Азияның арыстандарына жол берді. Үшінші сатыға Дания, Италия, Испания, Финляндия, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея орналасты. Ал тізімнің соңында – Ауғанстан.

Жылына сан мәрте жаңар­тылып, әр елдің визалық тәртібі мен өзгерістер­ді жіті қадағалап отыратын ұйымның бас­­ты назарынан халықаралық қатынастар мен мемлекеттердің мәртебесі де тыс қалмайды.

Дегенмен шетелге шығатын әрбір азамат алдымен өзге мүм­кін­діктерін айтпағанда, қол­даныстағы тәртіп пен заңдарды бір шолып шықса артық емес. Қазір кез келген ақпарат ашық және қолжетімді.

Мәселен, Біріккен Араб Әмір­ліктері аумағына 30 тәу­лікке дейінгі мерзімге баратын қазақстандықтарға виза қажет болмағанымен, Сыртқы істер министрлігі БАӘ аумағына кіру кезінде төлқұжаттың жарамдылық мер­зімінің аяқталуына ке­мін­де жарты жыл болуы, ба­лалардың әрбірінің өз жеке паспорты болуы шарт еке­нін, қазақстандықтар БАӘ заң­дары мен ережелерін сақ­тауы тиіс екенін ескерткен.

Сондай-ақ Жапонияға жол­ға шыққандардан бұрын ту­рис­тік компаниялар тарапынан талап етіліп келген жүріп-тұру бағдарламасы, кепілдік хаттарды қазір сұратпайды. Бірақ жол шығынын төлейтін мүмкіндігіңнің бар екендігін дәлелдейтін құжатың болуы шарт. Жалпы, бұндай талаптар мен өзгерістер бір қарағанда ұсақ-түйек болып көрінгенімен, алдымен адам өмірі мен қауіпсіздігі, қар­жылық шығынға ұшы­ра­мауыңыз бен денсау­лығыңыз үшін пайдалы болмақ.

– Әлемнің кез келген мем­­лекеті туристерді көп­теп тартуға мүдделі. Сырт­тан келушілер есебінен бюд­­жетінің басым бөлігін толық­тырып отырған елдер жетерлік. Қазақстанға келе­тін әрбір турист орташа есеп­пен тәулігіне 300-350 АҚШ долларын жұмсайды. Қо­нақүй қызметіне, мейрамхана мен көлік құралдарына жұмсаған қаржысының ішін­де мемлекеттің пайдасы бар.

«Астана» халықаралық қар­жы орталығы құрылғалы бері Қазақстанға да келушілер саны арта түсті. Орталық Азия елдері, Кавказ рес­пуб­ликалары, Еуразиялық эко­номикалық одақ, Таяу Шы­ғыс елдері, Батыс Қытай аумағы, Моңғолия мен Еуро­па елдеріне арналған аталмыш қаржылық хабтың ту­рис­тердің көптеп келуіне ық­­палы зор болады. Әсіресе, ин­вестиция тарту, шетелдік компаниялармен байланыс іскерлік туризмнің қарыш­тап дамуына жол ашты, – дейді Мәдениет және спорт министрлігі Туризм ин­дус­триясы комитетінің ілге­рі­лету және жарнама депар­таментінің басшысы Жалғас Балғожин.

Сала маманының айтуын­ша, елімізде іскерлік туризм­нің бәсі жоғары. Атап айт­қанда, халықаралық дең­гей­де­гі іс-шаралар, конферен­ция­лар мен іскерлік келіс­сөз­дерге келушілердің саны туризмнің негізін құрайды. Сондай-ақ Орталық Азия мем­лекеттерінен, Ресей Фе­де­­рациясынан медицина­лық туризм жолымен, нақты­рақ айтқанда ем-дом іздеп ке­лу­шілер санын­да ілгерілеу бар. Оның үсті­не Назарбаев Уни­ве­рситеті бастаған іргелі оқу орындары­нан білім іздеп келген көршілеріміздің саны да артуы мүмкін деген жорамалдар жасалған.

Елімізде ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесі ұйым­дас­­тырылған тұста Қытай Ха­лық Республикасы азамат­тарына 72 сағаттық визасыз режім енгізіліп, айтулы шараға аталған елден келу­ші­лердің көп болғандығы белгілі. Енді мүдделі мемле­кеттік ор­­ган­дар Үндістан аза­матта­рына қатысты осындай құ­жат әзірлеп жатыр. Яғни, Қа­зақ­станның әуе компания­лары арқылы үшінші мемлекеттерге сапарға шыққан үндістандықтар Қазақстанға аялдап, Алматы және Астана қалаларында 72 сағат бойы ер­кін жүріп-тұра алады.

Қазір еліміздің туристік са­ланы дамыту мәселелері бойынша заң жобасының тұжы­рымдамасы талқыланып, жұмыс тобына Парламент депутаттары, ту­ристік қауым­дастықтар сарап­шылар мен мүдделі тарап­тардың барлығы кір­гізіл­­ген.

Министрлік өкілі Қа­зақ­станға визасыз келу мүм­­кіндігі алдымен эко­но­ми­­­калық бақуатты мем­лекет­тердің азаматтарына бері­летіндігін нақтылап өтті. Шы­нында, әлеуеті орташа мем­­лекеттерден бұрын әлде­қай­да дамыған Германия, Фран­ция мен Жапония азаматтарына басымдық берілуі де қисынға келеді. «Күлшелі баланың сүймекке жақсы екендігі» бесенеден белгілі.

– Қазақстан әлем ел­дері­мен тең дәрежелі келіс­сөздер жүргізу арқылы өз аза­маттарының мүддесіне сай келетін батыл қадамдар жасады. Қазақстандықтарға ви­засыз және жеңілдетілген шар­ттары бар визалар ұсын­ған мемлекеттер жыл санап артып келеді. Мұндай тәр­тіп­тің артықшылықтары өл­шеусіз. Алдымен қандас­тарымыз уақыттан ұтады. Виза рәсімдеу үшін елшілік­терді жағаламай, тұрғылықты меке­нінен қалаған уақыт­тарында ұшып шығуға мүм­кіндіктері бар. Екіншіден, шетелге шығу туралы аяқ астынан шешім қабылдап жат­са, визасыз мемлекеттер дайын тұр. Бұрынғыша демалысын айлап-жылдап жоспарлаудың қажеті жоқ. Үшіншіден, виза алған уақыт­тағыдай бала-шағасына анықтама жинап сабылмайды. Бұл – уақыт пен қаржыға тәуелділіктен құтылып, ер­кін­дікке аяқ басудың жолы, – дейді туристік агенттік басшысы Сара Беке­таева.

Қазақстандықтардың ал­дын­дағы айқара жол ЭКСПО көрмесінің сәтті өтуінен кейін ашыла түскен. Мәселен, Еуро­па елдері Қазақстан аза­­мат­­тары үшін визалық режімді жеңілдетпек. Еу­ропа ко­миссиясының ішкі істер және көші-қон директоратының басшысы Марта Сиган аталған шешімге Еуропа ел­дері қатысқан Астанадағы ЭКСПО көрмесінің оң әсе­рін тигізгенін жеткізді. Енді Еуропа елдері визалық режім­ді жеңілдету бағытында ті­келей келіссөздер бойынша мандат қалыптастыруға кі­рісіп, бірінші кезекте­ Қазақ­стан азаматтары үшін Шенген визасын алу­ға қажетті құ­жат­тар санын қыс­қартып, өті­ніштерді кері қайтару көр­сеткішін төмендетпек. Кон­сулдық алымның көлемін азайту мәселесі де қаралуда.

Расында, жаһандану дәуірінде визалық тәртіп­ті тиімді жолға қоюдың маңызы жоғары екені анық. Бұл тәртіп алыс-берісті, барыс-келіс­тің санағын бақы­лап отыруға мүмкіндік береді. Халық­аралық тәжірибеде виза мәселесінің әрбір мемлекеттің әлемдік қауымдастық ал­дын­дағы мәртебесі һәм бе­делі­не байланысты екендігі сипат­талады. Ал Қазақ­станның бүгінге дейінгі жетістіктерімен әлемдік көштің бел ортасынан орын алуы бұл бағыттағы мәселелерге оң ықпалын тигізуде.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»