• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2018

Депутаттар Үштөбе ауылындағы сүт фермасын аралады

558 рет
көрсетілді

Мәжілісі депутаттары Асылбек Смағұлов, Сәкен Өтебаев және Ольга Шишигина Алматы облысының Қаратал ауданында жұмыс сапарымен болып, Үштөбе ауылындағы «Тастөбе-Агрофуд» сүт-тауарлы фермасы мен «Бастөбе сервис-техникалық колледжінің жай-күйімен танысты.

Аудан тұрғындарымен кездескен халық қалаулылары Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» аясында жүктелген міндеттерге тоқталып, түсіндірді.

Мәжіліс депутаттары арнайы ат басын бұрған «Тастөбе АгроФуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған бірегей зауыт. Тауарлы сүт фермасында күніне 1500 тонна сүт сауылады. Өндірістің дамуы үшін 400 миллион теңге инвестиция тартылған.

Ал Бастөбе сервистік-техникалық колледжі бес негізгі мамандық бойынша білім береді. Мұнда барлығы  316 шәкірт білім алуда. Депуттармен кездесуде колледж ұстаздары білім саласына қатысты сауалдар қойып, оқулық сапасы мен шәкіртақы жайын қозғады.

- Жетісу өңіріне жасаған сапарымызда ел тілегін естіп, алдағы жұмысымыздың бағдарын белгілеп қайттық. Тұрғындар көтерген мәселе мен ұсыныстарға міндетті түрде қозғау салып, шешімін табуға жұмыс жасайтын боламыз, - дейді депутат А. Смағұлов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы