• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Руханият 05 Сәуір, 2018

Ұлттық музейде жазушы Мырзагелді Кемелмен кездесу өтті

704 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемелмен кездесу өтті.

Кездесуге Съезд спикерлерінің бірі жас археолог, қазақстандық оқу орындарында алғаш PhD дәрежесін алған ғалымдардың бірі Айбар Қасеналин, ҚР Ұлттық Музейінің ғылыми қызметкерлері және елордалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Сондай-ақ, кездесу қонақтары үшін Қазақстан тарихы мен қазақ ұлтының мәдени-тарихи құндылықтарын көрсететін арнайы экскурсия ұйымдастырылды. 

«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шыққанына 1 жыл болды. Рухани жаңғыру – біздің өзгеруміз, санамыздың өзгеруі, мәдениетіміздің артуы, өмірге, жаңа заманға бейімделуіміз, прагматикалық көзқарастың пайда болуы. Жастарға берер кеңесім – кітап оқу. Қазір интернеттің дамуымен кітаптың түр-түрін табуға болады. Керегін таңдап оқу керек. Интернетті меңгеріңдер, себебі, алдағы 20 жылда білімсіз жастарға жұмыс болмайды. «Жас Отанның» бастамасы – жастармен кездесіп, өз ойыммен бөлісуге, ақыл-кеңесімді беруге арналған пайдалы алаң», деді Мырзагелді Кемел.

Мырзагелді Кемел руханият саласында 10 кітап шығарған. Олардың ішінде ізгілікке, имандылыққа, білім-білікке, ақыл-парасатқа үндейтін танымдық, көсемсөздік еңбектеріне қоса, «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» сияқты кітаптары оқырман қауымнан жоғары бағаға ие болған.