• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Теннис 06 Сәуір, 2018

Марин Чилич: Егер Кукушкин жеңсе, жұптық кездесуге шығуым мүмкін

228 рет
көрсетілді

Чилич - Попко ойыны 3:0 есебімен, хорватиялық теннисшінің пайдасына аяқталды. Ойыннан соң атақты спортшы "Егемен Қазақстан" тілшісінің сауалдарына жауап берді. 

- «Дэвис кубогы» секілді турнирлерде көңіл-күй басқаша болады. Кездесудің басындағы 4-5 гейм бойы өз-өзімді таба алмадым. Кейінірек допты ойынға жақсы қоса бастадым. Ойынға дейін торға қарай шығу жағын көп жаттыққан едім. Соның арқасы болар көп ұпайды тордың алдына келіп алып жүрдім.

- Егер Кукушкин Чоричті жеңер болса, жұптық бәсекеге қатысуыңыз мүмкін бе?

- Ол жағын әзірге білмеймін. Чорич ұтатын шығар деп күіп отырмын. Ал негізі Никола Мектичтің өзі де осал ойыншы емес. Соңғы 2-3 апта жақсы ойнап жүр. Не де болса, сол ойыннан соң көре жатармыз. 

Ермұхамед Мәулен,

Хорватия.