• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Сәуір, 2018

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

233 рет
көрсетілді

7 сәуірде Қазақстан аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-23 м/с-ге күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында, Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні 15-25 м/с-ге жетеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.