Қазақстан 2018 жылдың үш айында 80 мың тоннаға жуық дəнді жəне майлы дақыл экспорттады, деп хабарлады Азық-түлік келісімшарт корпорациясы.
«2018 жылдың 1 тоқсанындағы өзінің жұмысы қорытындысы бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ жақын жəне алыс шет елдерге 80 мың тоннаға жуық дəнді жəне майлы дақылдарды экспорттады», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, Иранға - 58 мың тоннадан астам арпа, Қытайға - 10 мың тонна бидай мен 0,4 мың тоннадан астам өсімдік майы, Өзбекстанға - шамамен 7 мың тонна бидай, Əзербайжанға - 3 мың тонна бидай жеткізілген.