• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Сәуір, 2018

Астанадағы Қалдаяқов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

162 рет
көрсетілді

Астанадағы Қалдаяқов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметі.

«7 сәуірден 28 сәуірге дейін сағат 14.00-ден бастап Тәуелсіздік даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта «LRT. Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейін) нысанының құрылысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі», - деп жазылған хабарламада.

Жол кептелісіне ұрынып қалмас үшін қала тұрғындарына өз бағыттарын алдын-ала жоспарлап алу туралы кеңес беріледі.