• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2018

Түлкібас ауданында көпқабатты 7 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

444 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында бүгінгі таңда 1507 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Алдағы уақытта кезекте тұрғандардың саны азая түспек. 

Олай дейтініміз, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауданда көпқабатты 7 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оған қазынадан жалпы 2 млрд. 600 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Тұрғын үйлер ауданның Т. Рысқұлов және Састөбе ауылында салынуда. Бұл елді мекендерде бүгінде 32 мыңға жуық халық тұрады.

Т.Рысқұлов ауылында көпқабатты 5 тұрғын үй, ал Састөбе поселкесінде 32 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын 2018 жылдың соңы мен 2019 жылдың басында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде 320 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойламақ. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысымен бірге сол аймақтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы да жүргізілуде.

Айта кетелік, биыл облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы аумағы 730 мың шаршы метр болатын, 6615 пәтерді ел игілігіне тапсыру жоспарланған. Қазіргі таңда 236 көпқабатты үй салынып жатыр.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облысы.