• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис 07 Сәуір, 2018

Недовесов-Хабибуллин жұбы жеңіліп қалды

244 рет
көрсетілді

Хорватия - Қазақстан арасындағы теннис кездесуінде жалпы есеп 2:1 болды.  

"Дэвис кубогы" жарысының ширек финалдық кездесуінде күш сынасып жатқан Хорватия - Қазақстан құрамалары арасындағы ойынның екінші күнінде есеп өзгерді. Жұптасу бәсекесінде Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин жұбы корт иелері Иван Додиг пен Никола Мектитің жұбына жеңіліп қалды. Кездесу есебі 3:1. 

Енді жарыстың үшінші күні шешуші ойындар өтеді. Жоспарланған 2 жекелей сынның алғашқысы көп сұраққа жауап беруі ықтимал. Егер сол матчта Қазақстан құрамасы жеңілетін болса, онда жарыстан шығып қалады. Теке тірестің 4-матчында Михаил Кукушкин хорватиялық Марин Чиличпен ракетка түйістірмек. 

Соңғы жаңалықтар