• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Сәуір, 2018

Германияның Мюнстер қаласында көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті

207 рет
көрсетілді

Германияның Мюнстер қаласында жүк көлігі жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

Қала полициясы өзінің Twitter-дегі микроблогында аталған оқиғаның салдарынан мерт болғандар да зардап шеккендер де бар екендігін жазды және қалың көпшілікті Мюнстер қаласының орталығына бармай тұра тұруды сұрады.

Spiegel журналының жазуынша, билік өкілдері бұл оқиғаны теракт деп бағалап отыр. Қылмыскер өзін-өзі өлтірді деген де хабар бар. Басылымның жазуынша, зардап шеккендер саны 50-ден асады. Оқиғадан екі адам қайтыс болған. Мюнстердің орталығын тәртіп сақшылары қоршауға алып, қазір онда кең ауқымды арнайы операция жүріп жатыр. Полиция халықты тексерілмеген, жалған ақпараттарды желі арқылы таратпауға шақырып отыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Германияның Мюнстер қаласында болған оқиғадан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

«Біз қазір Германияның оңтүстігіндегі Мюнстер қаласында көліктің адамдарды басып кету оқиғасынан мерт болғандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандық бар ма, жоқ па, сол жағын тексеріп жатырмыз. Қазақстанның Германиядағы елшілігінің дипломаттары жергілікті полициямен тығыз байланыста»,-деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында СІМ-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.