Маңғыстау облысы аумағында 2018 жылдың 1 сәуір-31 мамыр аралығында балық пен балық өнімдерін заңсыз аулауды және заңсыз айналымды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Бекіре-2018» республикалық жедел- профилактикалық іс- шарасы өткізілуде.
Жедел-профилактикалық іс- шарасы кезінде 2018 жылғы 3 сәуірде ІІД ЖПҚ Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Ақтау қаласы тұрғын үй қасында жүргізуші басқаруындағы «ВАЗ -21114» маркалы автокөлігін тексеру кезінде артқы жүк салғышынан ақ қапқа салынған 10-дана «Бекіре» тұқымдас балығы тәркіленді. Салмағы 30 кг. болатын заңсыз балыққа қатысты деректер Мұнайлы АІІб-не тіркеліп ҚР ҚК-нің 339 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісімен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, 5 сәуір күні Ақтау қаласы ХГМЗ тас жолы бойында жүргізуші басқаруындағы «Лада-Ларгус» автокөлігін күдікті ретінде тексеру барысында авто көліктің салонынан сұр түсті 7 қапқа салынған 35 дана салмағы 171 кг «Бекіре» тұқымдас балығы табылды. Оқиға бойынша Ақтау ҚІІБ-на тіркеліп ҚР ҚК-нің 339 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісімен қылмыстық іс қозғалды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы