• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Теннис 08 Сәуір, 2018

Диас Досқараев: Жұптасуда жеңгенімізде бәрі басқаша өрбитін еді

597 рет
көрсетілді

Кукушкин Чиличке жеңілген соң бапкер тілшілерге өз ойын жеткізді. 

- Чиличтің мықты екенін білеміз. Бірақ, ол бүгін емін-еркін ойнады. Себебі, теке тірестегі жалпы есеп 2:1 Хорватияның пайдасына еді. Ол жеңбесі, тағы басқа ойын болар еді. Еш қорықпай, аспай-саспай өнер көрсетті. Ал егер кеше жұптасуда жеңгенімізде бүгін мүлде басқаша ойнар едік. Чилич асығып, қобалжып, қинадып шығар еді. Тіпті, ол жеңген күннің өзінде біз соңғы ойынға күш салушы едік. Попконың орнына Недовесовты қоятын ба едік, кім білсін. Енді осы жұптық командамызды реттеуіміз керек. Алда Азия ойындары өтеді, соған дайындаламыз.