• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Сәуір, 2018

Қоғамдық санаға серпін берген жоба

501 рет
көрсетілді

Жарияланғанына бүгін тура бір жыл толған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Мемлекет басшысы бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Тарих пен саясаттану, әлеумет­тану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бо­йынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай  жасауды тапсырды.

Осыған жағдай жасайтын негізгі тетік ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрамдас болған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды.

Аталған жоба аясында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгі­лердің негізінде білім алуға мүм­кіндік жасалмақ. Бұл жұмысты ұйым­дастырып, іске асыруға жауапты – үкіметтік емес және коммерциялық емес негізде жұмыс істейтін «Ұлттық аударма бюросы» деп аталатын қоғамдық қор.

Аударылатын кітаптарды таңдау үшін еліміздегі барлық оқу орындарынан ұсыныс жиналып, барлығы 800-ден аса оқулық атауы келіп түсті. Жинақталған тізімдердің негізінде кемінде 3 басылым көрген, соңғы басылымы 2014 жылдан бері шыққан, мазмұндық тұрғыдан бейтарап болсын деген талаптарға сүйене отырып алғашқы 18 оқулық таңдалды. Іріктелген оқулықтарды аудару жұмысына Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының оқытушылары, ғылыми орталықтар­дың қызметкерлері, тәжірибелі аудармашылар мен редакторлар, жалпы саны 200-ден аса маман қатысуда. Мәтіндер бірнеше лек әдеби және ғылыми редакциядан өтуде.

Алғашқы 18 оқулық аударылып, баспадан шықты. Бүгін бұл оқулықтардың тұсауы кесіліп, көпші­лікке таныстырылады. Биылғы оқу жылының аяғына дейін әр оқулық 10 мың дана таралыммен басылып, еліміздегі барлық оқу орындарына тегін таратылады. 2018-2019 оқу жылынан бастап аударылған  кітаптар оқу бағдарламасына енеді.

Мұндай ауқымды ғылыми аударма жобасы Қазақстанда бұрын-соңды іске аспаған. Мұндай оқу құралдарын мемлекеттік бағдарлама аясында аударып,  оқу орындарына тегін жет­кізу – әлемде баламасы жоқ тәжірибе.      

 100 оқулықты аудару аясында Қазақ­стан әлемдегі алдыңғы қатар­лы университеттермен, ғылыми орта­лықтар және оқулық шығаруға маман­данған  баспа ұйымдарымен ты­ғыз әріптестік орнатты. Ауқымды аударма жұмысы қазақ тілін халық­ара­лық ғылыми лексикамен байыта түсуге, ғылыми терминологияны дамы­туға, академиялық жазу стилін жетіл­діруге, қазіргі ғылыми-зерттеу және баяндау әдістерін игеруге зор мүмкіндік береді. Тек осы 18 оқу­лық­тың глоссарийлері негізінде 3 мың­дай термин, ұғым мен түсінік жи­нақ­талды. Олардың бірсыпырасы қазақ тілінен, халықаралық ғылыми лексикадан енді ғана кіріп жатқан жаңа сөздер.      

Бұл жобаны іске асыру бірқатар аса маңызды жүйелі мәселені шешуге жол ашады.

Біріншіден, гуманитарлық бағыт бойынша әлемнің 100 үздік оқулығы қазақ тіліне түпнұсқа тілден тікелей аударылуда. Сол арқылы тілдің дамуына аса қажетті ғылыми мазмұн мен лексика дамиды. Кез келген тіл ең әуелі сол тілдегі мазмұнмен күшті, өзімізге де, өзгеге де сонысы­мен құнды, қызықты. Олай болса, Елба­сы­ның бұл бастамасы тілімізді жаңа биікке көтеретін қуатты платформа.         

Екіншіден, гуманитарлық салалар бойынша оқитын студенттердің заман талабына сай білім алуына жағдай жасалады. Біздің оқу орындарындағы мазмұн және академиялық талқы деңгейі әлемнің ілгері ғылыми орталықтарының деңгейіне шығады. Яғни қоғамның қуаты білімде десек, бұл жұмыс қазақ қоғамын, оның сапасын жаңа деңгейге шығармақ.      

Үшіншіден, аса ауқымды аударма жобасы қазақстандық  аударма мектебінің күшейіп, жетілуіне жағдай жасайды. Аудармашы мамандар, ғалымдар мен оқытушылардың жаңа негізде жұмыс істеуіне берік тұғыр болады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан ғалымдарын, зерттеу орталықтарын, сала мамандары мен жобаға қызығатын барша жұртшылықты елдік маңызы аса жоғары ортақ іске атсалысуға шақырамыз.

 

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған оқулықтар тізімі

Философия

1. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. Дерек Джонстон

2. Батыс философиясының жаңа тарихы, Антика философиясы (4 томдық, I том). Энтони Джон Патрик Кенни

3. Батыс философиясының жаңа тарихы, Орта ғасыр философиясы (4 томдық, II том). Энтони Джон Патрик Кенни

4. Философияның таңдаулы 25 кітабы. Реми Хесс

Әлеуметтану

5. Әлеуметтану негіздері. Дэвид Бринкерхоф

6. Әлеуметтану теориясы. Джордж Ритцер

7. Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе. Элиот Аронсон

Психология

8. Қазіргі психология тарихы. Дуэйн П. Шульц, Сидней Еллен Шульц

9. Әлеуметтік психология. Дэвид Майерс

Экономика, менеджмент, кәсіпкерлік

10. Экономикс. Грегори Мэнкью, Марк П. Тейлор

11. Кәсіпкерлік: Теория, процесс, практика. Дональд Ф. Куратко

12. Менеджмент. Рикки В. Гриффин

Дінтану

13. Иудаизм, Христиандық пен Исламдағы 4000 жылдық ізденіс. Құдайтану баяны. Карен Армстронг

Лингвистика

14. Тіл біліміне кіріспе. Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хаймс

15. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. Светлана Тер-Минасова

Мәдениеттану

16. Антропология тарихы мен тео­риясы. Алан Барнард

17. Төртінші индустриялық революция. Клаус Шваб

18. Медиаэтика: Жас маман­дар­дың тәжірбиесінен. Ли Анна Пек, Гай С. Рил

 

Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ,

«Ұлттық аударма бюросының» атқарушы директоры