• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2018

СҚО су тасқынына байланысты жоғары дайындық режіміне көшірілді

368 рет
көрсетілді

Былтырғы су тасқыны барысында бірқатар қиындықтардың орын алғаны ескеріліп, облыс биыл жоғары дайындық режіміне көшірілді. Әкімдіктің отырысында апатты жағдайларға жол бер­меудің барлық мүмкіндіктерін қарас­тыру, жұртшылық арасында сақтық шараларын кеңінен түсіндіру қажеттігі атап көрсетілді. 

      T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшысы Рамиль Камаловтың айтуынша, 127 елді мекен, 291 тасжол учаскесі, бірқатар көпірлер мен су тораптары су басу ықтималдығы жоғары аумақтарда орналасқан.

Тасқын орын алған жағдайда азаматтық қорғаныстың 16 қызметі және 14 жедел әрекет ету жасағы жедел іске кірісетін болады. Ола­рдың қарамағында 1359 адам, 1170 техника бірлігі, оның ішінде 350 су сорғыш техникалары мен 79 жү­зу құралдары бар. Құм салынған 17 мың қапшық, 6390 тонна саз балшық, 13013 тонна қиыршық тас, 72 мың тон­на инертті материал, 114 тонна жанар-жағармай дайындалған. Алайда бас құтқарушының «мотопомпалар толық па?» деген сұраққа бәрі жұмыс істесе жеткілікті, қарғын су келгенше тек­сереміз деген жауабы таңғалдырмай қой­майды. Аймақ басшысы Құмар Ақ­сақалов оның есіне қайық, тағы басқа жү­зу құралдарының тапшылығын еске салды.

Қар суының қоры жылдық көр­сет­кіштен аз екен деп босаңсуға, ар­қаны кеңге салуға болмайды. Өйт­кені қаңтар­да ақырған аяз апшыны қуырып, жердің үстіңгі қабаты 1-1,5 метрге дейін тоң бо­лып қатып қалған. Күн күрт жылыса, жер­ге сіңіп үлгірмейтін қарғын судың қайда бет аларын болжау оңай емес. Оның үстіне жергілікті синоптиктердің айтулары бойынша, көктемде жауын-шашын жиілеп, ылғал шамадан тыс түсетін сыңайы бар.

Осы себепті құрылымның басты күші үш негізгі аймаққа бағытталмақ. Есіл өзені арнасынан сыймай таситын болса, 30 ауыл жапа шегуі ықтимал. Ақмола облысы аумағында орналасқан Сілеті және Шағалалы су қоймаларынан артық су жіберілсе, Уәлиханов ауданының Қулыкөл, Береке, Қаратал, ал Тайынша ауданы­ның Бірлік, Заречное ауылдарын үлкен әлекке салуы мүмкін.

 Жергілікті су қоймалары мен ги­дро­­­құрылғылардың дайындығына да айрықша назар аудармай болмайды. Жалпы сыйымдылығы 693 мил­лион текше метрді құрайтын Сер­геевка су қоймасында су қоры 90 пайызға жеткен. Мұнда кемі 1 мил­­лиард текше метр су жиналады деп күтілуде. Жағдай тұрақты саналғанымен, ол жақтан су жіберілсе, облыс орталығына төнетін қатердің еселене түсері анық.

Петропавл су қоймасы да күн өткен сайын толығып келеді. Шарықтағы су торабы апатты деп танылғанмен күрделі жөндеу ке­лесі жылға қалдырылған. Осы учас­ке – ең осал тұстардың бірі. Шарық, Жембарақ өзендері Ғ. Мүсірепов ауданын талай рет әбігерге түсіріп, мал-жанды тығырыққа тіреген. Былтыр тасқын қаупі бар жерлерге су өткізу құбырларын салу, бөгеттер тұрғызу, басқа да қорғаныс жұмыстарына 3 миллиард теңге жұмсалғанымен, Есіл ауданындағы Үлкен, Кіші Тораңғұл көлдерінен төнетін қауіп аз емес. Көл­дер арнасынан асатын болса, бір­қатар елді мекендерді қызыл су шайып ке­туі мүмкін. Су ағатын ка­налдар тазар­тылғанымен, бөгет са­лынғанымен, атқа­рылатын шаруалар әлі де жеткілікті.

Шал ақын, Тайынша, Ғ. Мүсі­репов және Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласы су басу ық­тималдығы жоғары аймақтарға жатқызылып отыр. Қызылжара ауданында 19 елді мекенді су басу қаупі бар. Сондықтан сақтық жұмыстарын бәсеңдетпеу, жолдардағы суөткізгіш құрылғыларды реттеу, су деңгейін үнемі бақылауда ұстау, эвакуация­лау бекеттерін құру, штабтың жүйелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету қала, аудан әкімдері мен төтенше жағдайлар қызметінің басты міндеті саналуы тиіс.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы