• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Сәуір, 2018

«Дарын» жастар сыйлығына өтініштер қабылданады

275 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновтың қатысуымен «Модернизация жағдайындағы жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер» атты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ОКҚ баспасөз қызметі.

Брифингке жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев, «Қазақстан студенттер Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ілияс Түстікбаев қатысты.

Баспасөз маслихаты барысында қатысушылар Президенттің «Төртінші индустриалды революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», Президенттің бес әлеуметтік бастамасы және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында жүргізіліп жатқан шаралардың жастардың болашағына тигізетін әсері туралы айтты.

Вице-министр А.Нүкеновтың айтуынша, «2013-2020 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тұжырымдамасы» жастар саясатының негізгі бағыты болып табылады.

«2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ескеріле отырып, аталған тұжырымдаманы іске асыру жоспарына өзгерістер енгізілді. Жаңадан қосылған іс-шаралар жұмыспен қамту, бос уақытты тиімді пайдалану, отбасылық құндылықтарды дамыту, жастар ұйымдарын қолдау, кәсіпкерлік пен волонтерлік қызметті қамтиды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша әкімдіктер 2017-2020 жылдарға арналған жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған іс-шаралар жоспарларын әзірледі. Бірқатар өңірлер жобаларының инфрақұрылымын қалыптастыра бастады. Талантты жастарды жүйелі түрде қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 427 қаулысымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын жыл сайын беру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, Министрліктің бастамасы бойынша Үкімет сыйақы мөлшерін арттыру мәселесін қарастыруда. Дарын жастар сыйлығын алуға үміткерлерден өтініштер ағымдағы жылдың 30 наурызынан басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Үкіметтің шешімімен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құзыретіне берілді. Осы аптада аталған орталық өзінің бес жылдығын атап өтеді. Орталық жастар ортасын дамыту үрдістерін анықтайды, проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін ұсынады. Тұтастай алғанда, атқарылған жұмыстар жастардың жұмысында үкіметтік емес сектордың ресурстарын тиімді үйлестіруге және тартуға мүмкіндік береді», деді ол.

Вице-министр А.Нүкенов көптеген көрсеткіштер бойынша біздің жастарымыз басқа елдердегі өз замандастарынан алда келе жатқандығын  атап өтті.