Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа Кеңес мүшелері, сондай-ақ отандық және халықаралық ұйымдардың, заң қауымдастығының өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Отырыс барысында Жоғары Сот Кеңесінің қызметін және судьяларды іріктеу мен дайындау жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары талқыланып, мақұлданды.
Сонымен бірге Кеңес отырысында Жоғарғы Сот Төрағасының республика соттарының 9 судьясын лауазымдарынан әртүрлі негіздер бойынша босату туралы ұсынымы қаралды.
Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты