• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Руханият 03 Мамыр, 2018

Еңбек Ерлері елеусіз қалмасын

570 рет
көрсетілді

Елбасы «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­ламалық мақаласында да өткенге құрмет көрсетуді, қа­зақ даласында өткен тарихи тұлғаларды өнеге тұтуды мін­­деттеген жоқ па! 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Осы тұр­ғы­да қазақ баспасөзінің қара ша­ңырағы атанған «Егемен Қа­зақстан» басылымы өміршең де өзекті мәселені өте орынды қоз­­ғап отыр деп санаймын. Бас басылымның Қостанай об­лы­сындағы меншікті тілшісі Нә­­зира Жәрімбеттің «Ес­ке­русіз қалған Еңбек Ерлері» (11.04.2018) атты мақаласы шы­нында да көпшілікке ой сала­тын дүние екен.

Мен Қазақ хандығының алғаш туы тігілген киелі Шу ауданында туып өстім. Ал есейген жылдары едәуір уақыт көрші Мойынқұм ауданында еңбек еттім. Негізінен Мойынқұм малды аудан болғандықтан, ондағы барлық шаруашылықтардың дені ол кезде елтірісі бағалы қа­ракөл қойларын өсірумен шұ­ғылданатын. Қажырлы еңбек­терінің арқасында Жа­зыл­бек Қуанышбаев екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанып, кезінде ол кісіні аудан жұрт­шы­лығы, қала берді ел бо­лып құр­меттеп келді. Сон­дай-ақ 1949 жылы Айдарлы кол­хо­зының төрағасы болған Керім Шалабаев пен осы жоғары атаққа 1964 жылы айдарлылық шопан анамыз Ділдәш Итбасова қол жеткізді. Сол 1949 жылы Көпбай Төлбаев, Шынжарбек Өскенбаев, Сәмет Көшековтер де Еңбек Ері атанып, кезінде сый-құрметке ие болды. Бірақ бүгінде олардың есімдерін біреу білсе, біреу біле бермейді.

Менің өзім 1966 жылы Ең­бек Ері атағын иеленген, бі­рақ өмірден ерте өткен Мой­ын­құм ауданы, Бина­зар ауылының тұрғыны Құдайберген Бір­таевты танушы едім. Ол кісі өте қарапайым да кішіпейіл бола­тын. Ұмытпасам 1980 жыл­дары болу керек, Шу қа­ла­сындағы көмір базасына кез­дейсоқ бір шаруамен келіп қалсам, иін тірескен жұрттың ор­та­сында Құдайберген аға­мыз кезек күтіп тұр екен. Ол уа­қытта Еңбек Ерлеріне деген құр­мет жоғары болатын. Мен сон­да базар басшыларына барып «Бұл кісі Социалистік Ең­­бек Ері, сондықтан кезексіз жібе­­рі­ңіздер» дедім. Сөйтсем олар сенің­кіремей «Кеудесінде жұл­дызы жоқ қой. Куәлігін де көр­сеткен жоқ. Сондықтан біз оны қайдан білеміз» деді қарсы уәж айтты. Ал Құдайберген аға­мыз болса, «Жұл­дызды жар­қыратып тағып жүрген ұят қой. Бәрі де өзіміз сияқты ел» деп сонда қарапайымдығын та­нытты.

Ал сол Құдайберген Бір­та­ев­­тың ауылдасы, 1981 жы­лы Еңбек Ері атағын иеленген даңқты шопан Шоман Шә­­ріп­баев болса қоғамдық өмір­­­ге белсене араласып, ел­дің бел ортасында жүрді. Тіп­тен өмірінің соңғы жылдары Қазақ хандығының 550 жыл­дығы қарсаңында да біз ұйымдастырған автокеруенмен ілесіп, Шу ауданының та­рихшы-ұстаздарымен бірге Хан­тауының «Хан тақтары» мен «Ханның қорасы» іспеттес ки­елі жерлерінде болып, өзін­дік ой-пікірлерімен бөлісіп қайт­қан еді.

Бүгінде жергілікті жерлер­де Еңбек Ерлерінің рухына қан­­дай құрмет көрсетіліп жатыр, деп хабарласқанымда «Ке­зінде «Мал­шылардың мар­шалы» атанған Жа­зылбек Қуа­нышбаевқа Мойынқұм ауда­ны­ның орталығы Мойынқұм ауы­лында зәулім ескерткіш ор­натылып, мұражай ашылды. Кейіннен қайтыс болған Шо­ман Шәріп­баевтан өзге Ең­бек Ерлеріне мүсін орнаты­лып, туған ауылындағы кө­ше­­лерге есімдері берілді», де­­ді аудандық ішкі саясат бө­лімінің меңге­рушісі Ма­нар­бек Көшкімбаев. Дей тұр­ғанмен, Еңбек Ерлеріне мүсін орнатып, көшеге ат берумен ғана шектелмей, кешегі дәу­ір­де қажырлы да қайратты ең­бектерімен танылған ата-әже­лердің өнегелі өмір­лерін жас ұрпаққа кеңінен наси­хат­­таудың тиімді әрі жаңаша жол­дарын қарастыруды қолға ал­ған жөн шығар.

Мәкен УАҚТЕГІ

Жамбыл облысы,

Шу ауданы