• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Мамыр, 2018

Еліміздің солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады

479 рет
көрсетілді

Бүгін Республиканың солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, найзағай, жел күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Кей жерлерінде тұман түседі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Кей жерлерде тұман, найзағай  күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, найзағай болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с болады