Біз Олимпиада Әубәкіровамен Май ауданына барған сапарымыз барысында таныстық. Ол туып-өскен Ақжар ауылы аудан орталығы Көктөбеден 140 шақырымдай жерде. Бұрынғы полигон аумағы саналатын өзіндік құпиясы да жетерлік-ақ ауыл.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть– Атыңыз тіпті ерекше екен! – деп жатырмыз ауыл мектебіне келгенімізде.
– Иә, сәби күнімнен бастап, бүгінгі бойжеткен шақта да бәрін таңғалдырған атым менің осындай! – дейді мектеп директоры Олимпиада Досымжанқызы.
Әкесі Досымжан Бисмилләиұлы 1942 жылы осы Ақжар ауылында, анасы Назым Қожабайқызы 1951 жылы Лебяжі ауданындағы Зор Октябрь деген ауылда өмірге келіпті. Ал үлкен аталары Бисмилләи атына заты сай дініне берік, ауылдың молдасы болған екен. Досымжан ағамыздың мамандығы қаржыгер, еңбек жолында бухгалтер, бас экономист, совхоз директорының орынбасары, кейін ауылдың әкімі болып зейнеткерлікке шығыпты. Май ауданының құрметті азаматы. Анасы Назым апай Ақжардың мектебінде 35 жыл бойы мұғалімдік қызметін атқарыпты.
– Әке-шешем екеуі де зейнеткер. Күні бүгінге дейін Ақжар ауылында тұрады. Жайлы жер іздеп қалаға көшкен жоқ. Ауылдың үлкендерінің қатарында ел ішінде, бала-шаға өсіріп, немерелерінің ортасында отыр, – дейді Олимпиада.
Досымжан аға мен Назым апай Ержан, Алтынжан, Рашид, Рахат, Нариман, Нысана, Динара және Олимпиада деп ат қойған 8 баланы өмірге әкеліпті. Қазір алты баласы аман-есен. Ержан мен Нариман ауылында «Ағайындылар» шаруа қожалығын басқарады. Рахат сауда саласында, Нысана заңтану магистрі, Динара филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Астанада қызмет етеді.
Ал Олимпиада болса, 1998 жылы облыс орталығындағы педагогикалық колледжді, 2001 жылы университетті бітіріп туған ауылы Ақжарға оралады. Анасының ұстаздық жолын жалғастырып, мұғалім мамандығын таңдайды.
– Айтыңызшы, атыңызды кім қойды?
– Мен 1980 жылы 12 қаңтарда тудым. Атымды 1980 жылғы Мәскеуде өткен Олимпиаданың құрметіне арнап әкем қойған. Анама да ұнап, екеуі келісіп солай атаған екен. Өзіме де ұнайды. Мектепте оқып жүргенде, студент болғанда, ол кезде интернет жоқ, кітапханаларға барып Мәскеу Олимпиадасы туралы материалдарды түгел қарап, оқып шықтым. Студент кезімде өзіңіз айтқандай, барлығы таңғалатын. Лекцияда болмай қалсам, «Олимпиада деген қыз қайда?» деп бірден сұрайды екен, – дейді Олимпиада.
– Өзіңді үйде және достарың еркелетіп қалай атайды?
– Олико дейді!
Иә, бұл күнде Олимпиада басқаратын Ақжар орта мектебі де еліміздегі білім беру саласындағы өзгерістерге сай жаңартылған мазмұнға көшуде. Кең жолақты интернет жүйесіне қосылған. Информатика пәнін эксперимент ретінде ағылшын тілінде курстар өткізілуде. Мектепте «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша Айна Мыңжасарова, Гүлжан Жайлаубаевалар келіп қызмет етуде.
– Өзіңіз спортты жақсы көресіз бе?
– Әрине жақсы көремін. Спорт менің өмірімде, жанымда жүр ғой! Басқа елде, өзіміздің елде Олимпиада болады, дайындық жүруде, басталды десе ерекше бір сезімде жүремін. Жүрек лүпілдеп, өзгеше күй кешемін. Толқып көзіме жас келеді. Өйткені мен Олимпиада, спортшылармен біргемін ғой! Кешкі уақытта теледидардан спорт хабарларын жиі-жиі көргім-ақ келіп тұрады. Өкінішке қарай, уақыт бола бермейді. Әкем де, ағаларым да, жолдасым Бауыржан да қазақша күрес, бокс, биатлон сияқты спорт түрлерін сүйсініп тамашалайды. Ұлдарым Асыл мен Әділет көрші Курчатов қаласындағы спорт мектебінде қазақша күреске қатысады, – дейді Олимпиада.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Май ауданы,
Ақжар ауылы