• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Мамыр, 2018

Арман чемпиондық белбеуге таласады

407 рет
көрсетілді

 «Мұстафа Өзтүрік» деген бүркеншік есіммен танылған қайсар мінезді қан­дасымыз Арман Әшімов үстіміздегі жылдың ақпан айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «М-1 Challenge 87» турнирінде финляндиялық Микаэль Силандерді екінші раундта ұрып жығып, осы ұйымның аса жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы атағын иеленген еді.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Өткен аптаның аяғында қазақ спортшысы Нева жағалауына қайта аттанды. «М-1» ұйымының толыққанды чемпионы атану үшін ол бүгін, яғни 24 мамырда украиналық Александр Доскальчукпен күш сынасады. Қарсыласы жайында айтар болсақ, 28 жастағы Черновцы қаласының тумасы панкратионнан Еуропа чемпионы және әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Аралас жекпе-жекке ауысқалы бері ол бірқатар халықаралық турнирлерде топ жарды. Осы күнге дейін 8 рет айқасқан Доскальчук 7 мәрте жеңіс тойын тойлады. 2017 жылдың қыркүйегінде ресейлік Вадим Малыгинді «қылқындыру» әдісімен ұтып, 56,7 келі салмақ дәрежесі бойынша «М-1» ұйымының чемпиондық белбеуін иеленді. 

Алматы қаласының дәл іргесінде орналасқан Бесағаш ауылының тұрғыны Арман Әшімов джиу-джитсудан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы. Ол 26 жас­та. К-1 және кикбокстан өткен бірқатар ха­лық­аралық турнирлердің жеңімпазы. Жекпе-жектен әлем чемпионы. Спорттың бұл түрі бойынша 10 кездесу өткізіп, 8 рет жеңіске жетті.

Былтырғы жыл­дың жазында «М-1» ұйымының мамандарының назарына ілігіп, олар Арман­ға Ингушетияда жалауы желбіреген жарыс­та күш сынасу жөнінде ұсыныс білдірді. Қа­зақ­тың қай­сар ұлы сол күнге дейін қарсы кел­генд­ер­д­ің барлығын қоғадай жапырып жүр­ген да­ғыстандық Гаджимұрат Әлиевті ұрып жы­ғып, көпшіліктің қошеметіне бөлен­ді. Содан кейін тағы екі мәрте айқас алаңы­на шыққан Әшімов бұл бәсекелерді де мер­зі­мінен бұрын аяқтады. Міне, енді Санкт-Пе­тер­бургте чемпиондық белбеу үшін таласады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»