• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2018

2018 жылы Маңғыстау облысындағы 33 мектепте ІТ сынып­тары ашылады

491 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қабыл­данған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қоғамның барлық саласында жан-жақты жүзеге асырылуда. Жергілікті әкімдіктердің назарында тұрған осынау мәселеге «Нұр Отан» партиясы да белсене атсалысып, білім беру саласын цифр­ландыру, мектептерде электронды күнделік жүйесін енгізу және бағдарламалау мен робот техника негіздерін тереңдетіп оқыту шараларын жүзеге асыруда. Аталған ба­ғыт­та Маңғыстау облысын­да ІТ сыныптар мен ІТ мек­теп­тер ашу жоспарланып отыр. 

Информатика және ақ­параттық-коммуни­кациялық технологияларды оқыту ар­қылы оқушылардың шығар­машылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы ІТ мектептер мен сыныптарда сабақтар информатика пәні мұғалімі немесе ІТ мамандарының Love to Code және жаңа басқа да бағдарламалармен жұмыс жасауды үйретуі арқылы жүзеге асырылады. 

Әзірге бұл бастамалар мек­теп­терде факультативті пән ретінде енгізіліп, 3-6 айлық курс ретінде жүргі­зіле­ді де оқы­ту үрдісі модул­дік жүйе бо­йын­ша жүзе­ге асады. Қазіргі таң­да Маң­ғыс­тау облысы бойынша жал­пы білім беретін 134 мек­­теп­тің барлығы интернет же­­лі­сіне қосылған, оның ішін­де 127 мектеп, яғни 94,7% кең­жол­ақты интернет желісімен қам­та­масыз етілген. Сондай-ақ маң­ғыс­таулық мектептер 75,3% Wi-Fi желісімен қам­тыл­ған. Құзырлы орындардың мә­лім­деуіне сәйкес, 2018 жылы өңір­дегі 33 мектепте ІТ сынып­тары ашылады.

Мамырдың соңғы күндері білім саласынан жақсы жаңа­лық жетті. 21 мамыр күні NСОС ком­паниясының де­меу­­­ші­­лі­гі­мен жекеленген пән­дер­ді терең­детіп оқытатын ма­ман­­­дан­дырылған Форт-Шев­­чен­­ко мектеп-интернатында, 22 ма­мырда «ЕР САЙ Кас­пиан Контрактор» ЖШС қол­дауы­­мен Құрық орта мектеп гим­­н­а­зиясында, 23 мамыр­да мек­тепті 2010 жылғы біті­ру­ші тү­лек­тер көмегімен Қызыл­төбе ли­цейінде ІТ сыныптары ашыл­ды. Енді жаңа оқу жылына де­йін Ақтау қаласындағы ма­ман­дан­дырылған экономи­ка­лық лицейдің базасында ІТ мек­тебі ашылады деп жоспарланған. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы