Қазақстанның басты телеарналарының барлығында көп жылдардан бері орыс пен украин фильмдерін айтпағанда, түрік, корей, үнді елдерінің, ал соңғы уақытта іргедегі қырғыз бен өзбектің, былтырдан бері филиппин кинематографистерінің туындылары үздіксіз көрсетіліп келеді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьӨмірі энциклопедияның бір бетін ашып көрмеген қарапайым көрермендерге сол елдердің мәдениеті, тұрмыс дәстүрі, жалпы өмір сүру салты туралы дерек пен мағлұматты көгілдір экранда үстемдік құрған киноэкспансия көп күш жұмсамай-ақ сіңіріп жатыр.
Ресей мен Украина режиссерлерінің жемқорлыққа белшесінен батқан билік, бизнес, қылмыс әлемі жайлы, экшн-фильмдері, махаббат пен кешірімге құрылған мелодрамалары әлі күнге сұранысқа ие. Сырт қарағанда, жан дүниені арбап алатын ізгі өнердің синонимі секілді көрінгенімен, таптаурын тақырыптардан ұзай алмай, идея, сюжет, композициясы ұқсас болған соң бұлар да аудиторияның белгілі бір бөлігінің талғамын қанағаттандырудан аса алмай отыр. Біз үшін түрік халқы деген «Сүлеймен сұлтан» болғанымен, зығырданды қайнататын «Зехралар» бұл мәселеде аралық түсінікті сақтау керегін ескертеді. Бірақ қалай болғанда да, түрік режиссерлерінің ең әдемі сарайларды, ең сұлу бикештерді, ең тамаша табиғат көріністерін көрсету арқылы өзге жұртқа Түркияның оң имиджін қалыптастыруға күш салып, жұмыс істейтіндері жақсы байқалады. Үнді сериалдары да солай. Жарқ-жұрқ жасанған әлемнің ішінен үндінің қалыңдап кеткен әлеуметтік қиындығын дүрбі салып қарасаң да көре алмас едің.
Осы мақаланы жазу үшін жылға жуық уақыт әр сенбі сайын өзбек фильмдерін үзбей көруді әдетке айналдырып, біраз бақылап жүрдік. «Түпсіз терең құдық емес шығарсың, бір күні таусыларсың» деген едік, қателескен екенбіз, екі ғашықтың, өгей шешенің, қатал әкенің, бай мен кедейдің, өтірік пен шындықтың арпалысына құрылған сюжеттер тізбегі бұл жалғанда таусылып, түгесілер түрі көрінбеді. Есепсіз өзбек киностудияларынан өрген сансыз фильмдерді көрген соң жасаған түйініміз мынау болды: «е-е-е-е, кешегі кеңестік кезде елді табындырған үнді киносының ендігі жердегі заңды мұрагері сен екенсің ғой, өзбек бауыр». Айырмашылығы, үндінің шалмасы мен сариін өзбектің ала шапаны ғана алмастырған. «Бүгінгі өзбек киносы қандай?» десе, ойланбастан «ол кешегі сентиментальды үнді киносының бүгінгі күнге өлмей жеткен жаны сірі жалғасы» деп жауап беруге болады. Бұл өзбек киносын мысқылдау емес, керісінше, бұрын да Одақтағы алдыңғы бестіктің ішіне кірген кәсіби өзбек киноөндірісін қайта дамытқалы бері ізгілік пен даналықты ірі планға шығарып, аз уақытта өзіндік бет-әлпетін қалыптастыра алған ұлттық бірегейлігін мойындау.
Мейлі, жалаң болсын, қарадүрсін болсын, арзан-алдамшы болсын, мәңгі өлмейтін асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы қалай болғанда да тұтас киноболмыс жасай алған. Ал алпыс екі тамырдағы қан басқа аттандай шауып, өзіміздің Адамбаев пен Қоянбаевпен жылап көрісетіндей жағдайға жетіп, әрең шыдап, амалсыз көрсеңіз, кешіріңіз, оған бүкіл өзбек киносы жауапты емес, ол жеке талғам мәселесінен туындаған эмоция ғана. Әңгіме үлкен шығармашылық ізденістен туатын авторлық, арт-хаус фильм туралы емес, жеке киностудиялардан өрбіп жатқан өнімдер туралы болып отырғандықтан, бүкіл Орта Азияның Голливуды да, Болливуды да бір өзі болып, «бренд болмыс» қалыптастыра алғаны үшін бұл ұлтқа тек қана алғыс айта отырып, «өзіңнен басқа жұрт сені түстеп тани ма осы, қазақ киносы?» деп сұрақты көлденең тартсақ, қандай жауапқа қаныққан болар едік?
Шетелдік арзан фильмдер мен телехикаяларды алмастыра алатын қауқары барын көрсетіп, қазақ киноөндірісі де қарап отырмай, жеке режиссерлер студияларын ашып, көркем туындылар, сериал түсірумен айналысып, бос кеңістікті бағындыруға көшкеніне бірталай уақыт болды. Отандық сериалдар ішінен «Қара шаңырақ», «Қазақ хандығы», «Шырғалаң», «Сырғалым», «Ағайындылар», «Іңкәр жүрек», «Сұңқар» секілді телетуындылар жаппай болмаса да, жекелеген көрермендердің қызығушылығын тудырып, өз аудиториясын тапты. Осыған орай сұрақ туындайды: қазақ киносына шетел тарапынан сұраныс бар ма? Мемлекеттер арасындағы кинематография саласында кері байланыс орнаған ба? Осы уақытқа дейін шетел біздің қанша фильмімізді сатып алды? Біздің фильмдерімізді кімдер көреді? Сырт елдер үшін қазақ киносы деген не? «Қазақ киносы» деген ұғымды қандай канондар құрайды? Өзіміз мақтанып айта беретін Аймановсыз, Қарсақпаевсыз, Қожықовсыз түсіріліп, жаңа көкжиектерді бағындыруға көшкен заманауи фильмдерді басқа жақтағы жұрт қалай бағалап, қабылдап жатыр?
Қазір кинокартиналар үсті-үстіне шығып жатқан соң жай ғана өнім болып қалды. Бұрын таным еді. Әр фильмнің шетел экранынан көрсетілуі рухани, мәдени оқиға болатын. Кино әрқашан идеологиялық құрал болғандықтан, жеке режиссердің көзқарасы тұтас елдің ұстанымы рөлін де атқаратын. Жаңа өмірге ашылған терезе, шытынай сынған, күл-паршасы шыққан шындық, соқтасы шығып, сыздаған жараның жарылуы еді. Ал қазір өнім ғана. Тұтынасың. Аз уақыттан соң ол сәннен қалады. Сәннен қалмайтыны классика ғана, бірақ жүз киноның тоқсан тоғызына ол бақыт бұйырмаған. Киносы әбден дамыған, бәйгенің алдын бермейтін, түрлі-түрлі тақырыптарды түсіре-түсіре түгесіп тауысқан елдерге отандық өнім «экспортқа» шыққанда, шынымен оларды қызықтырып, таңырқата ала ма?
Қызықтырған, толғандырған сауалымызды кімге қоямыз? Әрине министрлікке. Мәдениет және спорт министрлігіне жолдаған үшбу хатымызға, министрліктің жауапты хатшысы Қ.Уәлиев салмақты жауап қайырыпты. Жауапты хатшының сөзіне қарағанда, қазақ киносын сатып алу үрдісі шетелдік sale-компаниялар фильмді өндірген киностудиямен келісімшарт жасасу арқылы жүзеге асады. Қазақ киносын шетелдік агенттер тек халықаралық кинофестивальдердегі көрмелерден, шетелдегі қазақ киносы күндерінен, кинонарыққа қойылған жерінен ғана көре алады. Бүгінгі таңда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген көркем фильмдер көптеген шетелдік телеарналарда көрсетіліп жүр.
Жалпы, қазақ кинотуындыларын Ресей, Түркия, Жапония, Тайланд, Франция, Қытай, Қырғыз Республикасы сатып алады. Қ.Уәлиевтің айтуынша, олар Дәрежан Өмірбаевтың «Киллер», «Студент», Нариман Төребаевтың «Шуақты күндер», Талғат Теменов пен Иван Пассердің «Көшпенділер», Ақан Сатаевтың «Ликвидатор», «Жаужүрек мың бала», Сәбит Құрманбековтің «Оралман», Сәбит Құрманбеков пен Сергей Әзімовтің «Кешіккен махаббат», Эмир Байғазиннің «Асланның сабақтары», Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат», «Көзімнің қарасы», Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек», Сергей Снежкиннің «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі мен басқа да қазақстандық режиссерлердің жұмысын шетелдік кинокомпаниялар сатып алған.
Қазақ кинематографистерін, негізінен, көршілес елдер таниды. Мысалы, Қырғыз елінде қазақстандық сериалдар мен комедиялық фильмдер көрсетілсе, Ресей, Түркия, Франция елдерінде авторлық фильмдерімізге сұраныс бар. Бірақ өткен 2017 жылы қазақстандық көрерменге ұсынылған 263 шетелдік фильмнің жанында бұл «экспорт» көлеңкеге де жарамайтынын ішіміз сезеді.
«Қазақ киноөнімінің шетелдегі өміріне» мүдделілік танытқан жауапты тұлғалар осы күнге дейін жоқтың қасы болып келді. Шетелге шашырап шығатын фильмдердің ол жақтағы тағдырына қызығушылық танытып, қадағалау, бақылау, есебін жүргізу мәселесі көп ешкімді толғандырмай келгені рас. Ендігі жерде Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарына сәйкес «Кинематография туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеп, қазіргі таңда аталған заң жобалары Парламент қарауына жіберілген. Заң жобаларының маңызды нормаларының бірі, Қазақстан Республикасы аумағындағы фильмдер мониторингісінің ақпараттық жүйесін енгізу болып табылады. Бұл ақпараттық жүйеге сәйкес, елімізде прокатталатын және өндірілетін фильмдер бойынша ақпараттар жинақталып, талдау жүргізілмек.
Бүгінгі күннің талабына сай ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, киноөндірістің ашықтығы мен инвестициялық тартымдылығы, сондай-ақ шетелдерде қазақстандық кинолардың мәртебесін көтеру, оны мойындауы үшін кинематография саласында қоғамдық дербес салалық заң қабылданса, ұлттық киноның адымы ұзаратын күн де алыс емес секілді. Бәрі де кешеуілдеп жатқан заңға келіп тіреліп тұр.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ