Облыс орталығындағы Достық үйінде өткен бұл шара «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп аталды.
Этно-мәдени бірлестіктер, зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатыстқан жиында облыс әкімі Болат Бақауов баяндама жасады. Елбасы ұсынған 5 әлеуметтік бастаманың өңірде қалай жүзеге асырылатыны жайлы жаңа жоспарларымен бөлісті. Бұл күндері өңірінде 80-нен астам ұлт өкілдері өмір сүріп, еңбек етуде. Жалпы өңірде 27 этно-мәдени бірлестік, аудан-қалаларда 112- орталық құрылған.
Жиында сөз сөйлеген «Қазақстан Алюминий зауыты» АҚ-та жұмысшысы Қайрат Сәрсенов өндіріс орнында 15-тен астам ұлт өкілдері еңбек етіп жатқанын айтып өтті.
- Өткен жылы зауыттың 80 жұмысшы-қызметкерлері пәтер алды.Биыл да Елбасы бастамасын қолдап, 120 пәтер берілмекші. Екінші бастама бойынша 4 767 000 теңге мөлшерінде ардагерлерге,зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға көмек көрсетілді. Биыл қайырымдылық шараға 2 872000 теңге жұмсалды, - дейді Қайрат Сәрсенов.
Сессия соңында облыстық жергілікті Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары лауазымына Ольга Николашинаның кандидатурасы ұсынылды. Қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан еңбегі үшін Данбай Шухратқа ҚХА-ның «Жомарт жан» төсбелгісі табыс етілді. Музыктанушы Н.Шофер, «Меркез» еврей ұлттық бірлестігінің мүшесі Максим Карапузовтарға Алғыс хаттар табыс етілді. Облыс әкімінің Құрмет грамотасын Ақсу қаласы «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балкар этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Абулкерим Байрамқулов пен Баянауыл ауданы «Родные напевы» хорының жетекшісі Анна Сушкова иеленді.
Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»