• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Маусым, 2018

Байқоңыр мерейтойын атап өтті

296 рет
көрсетілді

Атағы әлемге жайылған Байқоңыр ғарыш айлағы іргетасының қаланғанына 63 жыл толуына орай мерекесін атап өтті.

Байқоңыр қаласынада мерекелер көп тойланады. Себебі, айлақ пен қала Қазақстандікі болғанымен жалға Ресей жағы алғандықтан екі мемлекеттің өзіне тән мерекелері атап өтіледі.

Айшықты салтанат кезінде осы айлаққа еңбегі сіңген ардагерлер Юрий Лукьянов пен Нина Владимирцеваға «Байқоңыр қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Юрий Лукьянов Байқоңыр ғарыш айлағында 1968 жылдан бері «Гагарин стартында» қызмет етіп келеді. Ол өз өмірінде зымыран-ғарыштық кешенінде 150 ұшу сапарын жүзеге асыруға қатысқан.

Нина Владимирцева бұрынғы қалалық ЖЭС - қазіргі «Байқоңырэнерго» кәсіпорнында 1957 жылдан, яғни шамамен қаланың іргесі қаланғанынан бастап еңбек еткен.

Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»