• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2018

Сыр өңірінде жаңа цех ашылды

469 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында «Смағұл» мал бордақылау және ет өнімдерін өңдейтін цех ашылды.

Бұл мақсатқа жеке кәсіпкер 300 млн. теңге жұмсаған. Төрт гектар аумақты алып жатқан жер телімі мен үш мың шаршы метрді құрайтын цехтың қуаттылығы - тәулігіне 50 бас мал сою пункті және 200 бас мал бордақылауға еркін жетеді.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұған дейін де маңызды жобаларды жүзеге асырып, өңірдің экономикалық әлеуетінің артуына қосып жүрген үлесі үшін жоба жетекшісі жеке кәсіпкерге алғысын айтты.

Бүгінде қалада ауыл шаруашылығы өндірістік коопертивтерінің саны 27-ге жетті. Оның ішінде мал бордақылаумен айналысатын коопертивтер саны жыл сайын көбейіп келеді.

Қалада осындай жұмыстардың арқасында, ет дайындау ісі 110 пайызға артып отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»