• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Маусым, 2018

Нағыз батырлардың құпиялары

404 рет
көрсетілді

Дəл осындай атаумен Алматыдағы Мега сауда орталығында IV бейресми конференция өтуде. Осы жиын барысында "Қазақстандағы 100 жаңа есім" атты республикалық байқауының жеңімпаздары өздерінің табысқа қалай жеткендері жайында  құпияларымен бөлісуде.

Көпшілікпен кездесуге келгендер арасында волейболдан  Қазақстанның паралимпиада командасының капитаны Серік Есматов, жас инноватор Мəулен Бектұрғанов, кинорежиссер Əзиз Зайыров, ғалым-химик Диас Тастамбекұлы жəне кардиохирург Гүлжан Сəрсенбаева сынды түрлі сала өкілдері бар. Олардың барлығы да ешқандай қиындыққа мойымай, өмір жолында кездесетін кедергілерді бұзып-жарып, көздеген мақсаттарына қол жеткізген жандар. Дəп қазір жоғарыда аталған тұлғалар алматылықтар жəне осы əсем шаһардың қонақтарымен жүздесіп, өмірлік тəжірибелері жəне табысқа жетудің құпияларымен бөлісуде.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»